Алматыда Атом Жарылды! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Алматының ауасын кім КӨП ЛАСТАЙДЫ? КӨЛІК пе, ТЭЦ пе? Алматының ауасын 80 пайызға ластайтын — ол көліктер мен үлкен-үлкен зауыттар деуші еді. Осыған бізде сеніп келдік. Сөйтсек әңгіме басқа жақта екен. Достар бұл арнаның дәл қазір, 400 000-нан астам тіркеушісі бар. Сол үшін сіздерге өтініш! Арнаны тездетіп 500 000 тіркелушіге жеткізейік. Ол үшін төмендегі подписаться деген қызыл тетікті басып және қасында шыққан қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз, бастыңыз ба? Ендеше видеомызға оралайық. 2020-ның наурыз-мамыр айында пандемия болып, Алматы карантинге жабылды ғой. Қаладағы 750 мың машинаның саны, бірден 35 мыңға азайып қалды. Алматының ауасы тазарып кетуі керек еді. Енді ауаны негізгі ластаушы көліктер жоқ қой. Бірақ, олай болмады. Төлеби көшесінен төменгі жақ, сол баяғынша қара түтіннен бір ашылмаған. Иа, Абай көшесінен жоғары қарай, шаһар ауасы әжептәуір тазарып, аспан ашылып қалған. Бірақ, кешке қарай, анау Төлеби жақтағы смог бәрібір жоғарғы райондарды қымтайды екен. Алматының төмен жағын қара түнекке көміп отырған не дейсіз бе? ТЭЦ қой! Иә, Алматының ауасын 50-60 пайызға ластайтын біреу болса, ол осы ТЭЦ-тер екені анықталды. Экология министрлігі арнайы зерттеу жүргізіпті. Енді ше? Бір түнде 150 вагон көмір жағып тастайды, бұ сабазың. Сол көмір жағуын жазда да тоқтатпайды. Өйткені, көмір жағып қалаға ыстық су жібереді. Электр энергиясын өндіреді. Енді не істеу керек? Экология министрі, ауаны негізгі ластаушы кәсіпорын ТЭЦ-2 кешеніне кеп, осы сұрақты экобелсенділер, журналистермен талқылау үшін, жиналыс ашты. Ведомство басшылығы, проблеманы шешу үшін қаладағы 3 ТЭЦ-тің бәрін газға көшіреміз, деп отыр. Қызығы, ТЭЦ-терді газға көшіруге қарсылар да бар екен. Кейбіреулер «жылу электр станциясын көмірде қалдыра беру керек. Шығыс Еуропаның кейбір елдері көмірден шығатын түтінге фильтр қойып, сөйтіп ауаны қатты ластамай ұстап отыр» деп, ұсыныс көтерді. Сол көмірде қалуды жақтап отырғандар: — «газды Түрікмен, Өзбектен аламыз. Ертең олар бізге, сол газын доқ көрсету ретінде қолданса, қайтеміз» дейді. «Көмір арзан, оны жерден қазып аласың да, пешке сала саласың, болды. Тек фильтр қоя салайық», деп бет бақтырмай отыр. Бірақ, анау фильтрің 150 миллиард теңге тұрады екен. Сондықтан газға ауыстыру ең тиімді деген тоқтам айтылды. Сонымен, Алматылықтар қашан таза ауамен демала бастайды? Қаладағы ТЭЦ-тер 2025 жылы толық табиғи газға көшіріледі. Министрлік, әкімшілік осындай уәде беріп отыр. Айтпақшы, дәл осы смог, қара түтін кесірінен алматылықтар арасында аллергия көбейіп кеткен. Рак ауруы да өршіп тұр екен. Қала әдемі, бірақ ауасы да әдемі болуы керек. «Не керек, енді әдемі қала жұрты, әдемі ауамен 2025-те еркін демалатынына сенем» деп жазады, журналист Нұрбек Бекбау. Әрбір қаланың экологиясы, ең басты құндылықтарының бірі екендігі даусыз. Жапон елі атом бомбасы жарылған Нагасаки мен Хиросима аралының ауасын тазартып, ондағы радиацияның мөлшерін - адам өміріне ең қауіпсіз шекке дейін жеткізді. Соның арқасында, екі аралда адам өміріне
Похожие видео
Показать еще