Пандемия кезінде халыққа қол үшін созған кәсіпкер бармағын тістеп қалды HD
Пандемия кезінде ғимаратын жалға берген кәсіпкер Іле ауданы әкімдігі мен аудандық ауруханадан ақшамды ала алмай жүрмін дейді. Алматы облысының тұрғыны Мұхтар Әбдіров 2020 жылы коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін өзінің жеке нысанын уақытша тегін пайдалануға берген. Жауаптылар "егер жағдай тұрақталмаса, одан әрі ақылы түрде жалдаймыз» деген көрінеді. «Аурухана бір жылға жуық меншігімді заңсыз пайдаланды» деген бизнесмен енді 81 миллион теңге көлемдегі шығынды өтеп берсін" дейді. Жеке кәсіпкер Мұхтар Әбдіров бұл нысанның құрылысына жеті жылын арнағанын айтады. Әуелде медициналық орталық етіп ашпақ болған ғимаратты 2020 жылы Іле ауданының әкімі мен аудандық аурухананың бас дәрігері төтенше жағдай кезінде жұқпалы аурулар ауруханасына беруді өтінді дейді бизнесмен. Егер жағдай тұрақталмаса, ақылы түрде жалға аламыз деп сөз берген басшыларды кәсіпкер ақыры таппай қалғанын айтады. Осылайша, жұқпалы аурулар ауруханасы бір жылға жуық уақыт ғимаратты заңсыз түрде тегін қолданды деп ашулы. Күрмелген мәселенің шешімін іздеген кәсіпкер бірнеше табалдырық тоздырған. Біраз уақыттан соң, әкімдік «Біз біргеміз» қорынан жеке кәсіпкерге 4 млн теңге аударған екен. Алайда Мұхтар Әбдіров тәуелсіз бағалау компаниясына жүгініп, олар 1500 шаршы метрді құрайтын нысанды жалдау ақысы айына 6 миллион теңге деп шығарған. Осылайша, жалпы шығыны 81 миллион теңгені құраған. Ал әкімдіктегілер бұл сала біз қаржыландыратын бөлімдерге жатпайды деп отыр. Біз өзімізге байланысты міндеттердің барлығын толық орындадық дейді. Ал аудандық аурухана заңгерінің айтуынша, төтенше жағдайдан кейін де науқастардың көптеп түсуіне байланысты нысаннан бір мезетте көшіп кете алмадық дейді. Ал ақылы түрде жалға алуға ешқандай қаражат қарастырылмаған деп отыр. ҰЛАН ЧАТАЕВ, аудандық орталық аурухананың заңгері: – Даулы мәселеге қатысты әкімдік өкілдері мен кәсіпкер қатысқан жиналыс та болған екен. Онда мамандар бұл проблеманы шешу жолдарының бірі ретінде сотқа баруға кеңес берген. Қолымда тиісті құжат жоқ, тек шенеуніктердің уәдесіне сеніп қалдым деген кәсіпкер куәларым осында емделген халық деп отыр. Себебі аудан аумағындағы барлық елдімекендердегі вирус жұқтырғандардың барлығы осында жатты дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #пандемия #бизнес #емхана #өтемақы
Похожие видео
Показать еще