СҰМДЫҚ! АЛМАТЫ ҚАНҒА БОЯЛДЫ/5 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ! HD

26.09.2021
Бәріңізге Ассалаумағалейкум 5 адамды өлтірген айыпталушы өмір бақи түрмеде шіри ме?! Халық банктің қитұрқылығы туралы естіппе едіңіз? 5 бейбақтың өмірін жалғаған қанды қасапқа кім кінәлі? Шетелге қарыз ретінде алған 170 миллиард теңге қайда? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Осыдан алты күн бұрын бүкіл қазақстанды дүрліктірген қайғылы жағдай болды. Арадағы жанжалдың кесірінен аңшы оғынан 5 бірдей азамат бір мезетте қайтыс болды. Бұл оқиға үшін екі тарапты да кінәлай алмаймын. Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады. Қайтыс болған бес марқұмның отбасына сабыр берсін. Марқұмдардың жатқан жері жайлы болсын. Дегенмен де обал. Өз қызметтерін орындау үшін ғана барған қарапайым қызметкерлердің қаза болуы күллі қазақтың қабырғасын қайыстырып, елдің жағасын ұстатты. Кінәні қос тараптан емес. Жоғарғы жақтан іздеуіміз керек сияқты. Шынтуайтындағы шұбар жыландар кімдер? Қазір айтамын Қазақтың ең қауіпті дұшпандарының бірі осы "Халық банк" халықтың банкі емес, халыққа, оның ішінде қазаққа жау банк. Бұл жау, дұшпан, өмірқор банк. "ХАЛЫҚ БАНК" ГРУЗИНГЕ НӘН ЕМШЕК, ҚАРА ҚАЗАҚҚА ЖОҚ ЕМШЕК... Алматы қаласында банкке борышкер азамат 5 адамды атып өлтірді. Кеше бірқатар сарай бұлбұлдары "қылмыскерді ақтаудың өзі - қылмыс" деген сыңайда сайрап та үлгерді. Әрине, өз басым күдіктіні ақтамаймын! Бірақ, осы бір қайғылы оқиғаның болуына еліміздегі банктердің "жалмауыздығы", несие өсімінің шамадан тыс көп болуы себеп болғанын айтпасқа шара жоқ! Біздің елде "Халық банк" деген әйдік банк бар. Ол банктің жоғарыда айтқан оқиғаға түк те қатысы жоқ. Болмаған да... Бірақ, сол банктің мына бір әрекеті қазақ үшін кешегі 5 адамның қазасынан да ауыр қылмыс емес пе? "Халық банктің" Грузиядағы филиалдары "Сталиннің ұрпақтарына", яғни гүржілерге жылдық өсімі 9 пайызбен несие үлестіреді. Ал, өзі суын ішіп, отын оттап отырған қазақтарға несиені жылдық өсімі 30,4 пайызбен ұсынады екен! Гүржіге - 9%, қазаққа - 30,4%... Гүржіге нән емшек, қазаққа жоқ емшек... Ортадағы айырма 3 есе! Жоқ емшекті салпылдатып емген қазақ байғұс алған ақшасының үстіне жылына 30,4 пайыз қосып төлеп, сіңірі шығып жүр. "Халық банк" сіңірі шыққан сол қазақтан қарпып қалған қаржысын гүржілерге су тегінге тарата салады. Әділдік қайда, әділет қайда? Осындай әділетсіздіктер енді қанша отбасының шаңырағын ортасына түсіреді. Қанша халықтың отбасы-отанын ойрандайды? Мейілінше, бөлісе отырғайсыз! Ал енді күдіктінің қазіргі ситуациясына келетін болсақ: Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында бес адамды атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұлтартпау шарасына қатысты сот отырысы бүгін өтті. ⠀ Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты И.Д.-ны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұлтартпау шарасы 20 қыркүйектен бастап есептеледі. Сотта сөз алған күдікті болған жайтқа өкінетінін айтты. Дегенмен ол өзін мұндай жағдайға жеке сот орындаушыларының әрекеті итермелегенін айтуда. ⠀ «Мен осылай болып, адамдар қайтыс болғанына қатты өкінемін. Соттың өктемдігі мен жеке сот орындаушы

Похожие видео

Показать еще