Алимент төлемейтіндерге жаза күшейеді HD
Елімізде алимент төлеуден жалтаратындар қатары азаяр емес. Баласын құшақтап жалғыз қалған әйелдердің 40 пайызы бұрынғы жұбайынан тиісті ақшасын ала алмайды екен. Бас прокуратура мәліметтері бойынша Қазақстанда төленбеген алимент көлемі қазір 3,5 млрд теңгеден асады. 50 мыңға жуық бала әке көмегін көрмей отыр. Бас прокуратура бауыр еті баласын тастап кеткені аздай, асыраудан қашып жүргендерді кейбір қызмет түрлерінен шектеуді ұсынған болатын. Оған еңбек демалысына жібермеу, лицензия бермеу секілді конституциялық құқықтары бұзылмайтын талаптар жатады. Дәл қазір бұл заңмен бекітілмеген. Дегенмен борышкер әкелерді әр өңір өзінше жазалап жатыр. Мәселен Ақтөбе облысында жақында алимент төлемегендер сот шешімімен 3 күннен 1 аптаға дейін абақтыға қамалуда. Сондай-ақ, қазір еш жерде жұмыс істемейтін әкелердің міндетті алиментінің көлемі өсті. Бұрын жұмысы жоқтар бар болғаны 4 мың теңге төлеп құтылса, қазір олар 27 мың 160 теңге төлейді. Ал екі баласы үшін 36 123 теңге, үш бала үшін 54 мың теңгеден артық қаржылық қолдау көрсетулері тиіс. Себебі елдегі ең төменгі жалақы көлемі 100 мың теңгеден асады.
Похожие видео
Показать еще