Тұрғын үй кешенін бұзуға жоғарғы жақтан қоңырау түсті ме ? HD
Бұған дейін Наурызбай ауданында салынып бітпеген “Жайсан” тұрғын үй кешенін бұзу туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Наурызбай ауданы, Ақжар шағынауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Үлескерлер әділетсіздікке шыдай алмай ашуға булығып, “баспанамызды құлатуға жол бермейміз” деп, сот шешімімен келіспей отыр. Осы іске байланысты адвокат Айман Умарова да үлескерлермен және мердігер компанияның басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Оның ойынша, Сот төрешісі қылмыстық құқық бұқушылық фактісін көре тұра, тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарған және бұл шешімдердің қабылдануына жоғарғы Сот өкілдерінің қатысы болуы да мүмкін. - Бүгін біз судьяның керемет шешімін көріп отырмыз. Шын мәнінде, судьяның қолында нағыз қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар. Қылмыстық бап - бұл екінші кезектегі басқа мәселе. Сот төрешісі Басқанбаева шығарған шешімде былай делінген:" Наурызбай ауданының прокуратурасымен бірлесіп мониторинг жүргізілді, оның барысында жерасты паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйдің эскиздік жобасы келісілмегені анықталды". Бұл шешімде шындыққа жанаспайтын көп нәрсе бар. Ол қылмыстық құқық бұзушылықты көре отырып, заңсыз шешім шығарып отыр. Сот төрешісі қай кезде заңсыз шешім қабылдай алады деп ойлайсыз? Сот төрешісі, егер біз сыбайлас жемқорлық туралы айтпасақ, қоңырау шалған кезде ғана шешім қабылдай алады. Ал қоңырауды Алматы қалалық соты ғана жасай алады. Әйтпесе, ол қалай өз шешімінің өзгермейтініне толық сенімді бола алады? -, деп мәлімдеді. “Әкімдіктің рұқсатынсыз ол жерде әлбетте ешқандай нысан салынбайды. Тұрғын үй шамамен 90 пайызға дайын болып, үлескерлер үйлеріне кірер шағында өздеріңіз рұқсат беріп, енді не себепті олардың құжаттарын жалған деп отырсыздар?”-, деп Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғайдан тікелей сұраған болатынбыз. Әкімнің жауабы мынадай болды: - Аудан әкімшілігінің құзырына нысан салуға рұқсат беру кірмейді. Бұндай сұрақтармен қала басқармасы және архитекторлар айналысады. Бізде ондаймен айналысатын бөлімдер де, архитекторлар да жоқ. Біз әкімдік болғандықтан, тек өзіміздің құзырымызға кіретін істермен айналысамыз. Мен сіздермен тек бізге белгілі ақпаратпен бөлісе аламын.-, деп жауап беріп, баршаға белгілі ақпаратпен бөлісті. “Cіздің ойыңызша, екі ортада, шарасыз қалған бейкүнә халық ендігі не істеуі қажет?” - Менің ойымша, халық сот істерінің аяқталуын күтіп, шешіммен келісіп, ары қарай жұмыс істеуі қажет-, деп түйіндеді Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай. Екі оттың ортасында қалып отырған талай жыл жиған тергенін “болашақ үйлеріне” құйған, несие алған үлескерлердің, яғни бір сөзбен айтқанда қарапайым халықтың мұңын тыңдап, сөзін сөйлеп, көмек қолын созар бір мекеме табылып тұрған жоқ. Facebook: https://www.facebook.com/4vlastinfo.kz Telegram: https://t.me/i_4_vlastinfokz Instagram:@4.vlastinfo.kz/ https://