Отырар қаласы тарихи жәдігерлерінің көрмесі ашылды HD

11.05.2017
Жуырда осы халықаралық көрме қонақтарына арналған туристік карта жасалған еді. Тізімде көне шаһар Отырар да бар. «Орта ғасырлық қаланы көруге барам дейтін меймандар аз болмайды» деген болжам бар. Ал уақытын немесе қаражатын үнемдегісі келетіндер ондағы тарихи жәдігерлерді Астанада көре алады. Бүгін елордада Отырар өмірінен сыр шертетін көрме ашылды. Аталмыш көрменің алғашқы көрермендері елордалық оқушылар болды. Олар Отырар, ондағы тарихи оқиғалар жайлы естігені болмаса, құнды жәдігерлерді алғаш көрді. Экспозицияның барлығы дерлік тұпнұсқа. Ералы Төлендіұлы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының бас қор сақтаушысы: -Мұнда алып келген жәдігерлер жалпы үш кезеңге бөлінеді. Біріншісі – мұсылман әскерлерінің Отырар өңірін жаулауы. Екіншісі – Отырардағы моңғол шапқыншылығы, яғни Шыңғыс ханның отырарды қиратуы. Үшінші кезең – жоңғар шапқынышылғы мен XX-ғасыр аралығындағы Отырардың өмірі. Көрмеде қару-жарақ түрлеріне қоса тұрмыстық заттар, ғылым, мәдениет, сауда-саттықтан сыр шертер дүниелерді де көруге болады. Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор: -Мұның өзі логикалық жағынан дұрыс нәрсе. Тек ғана соғыс, жаугершілік емес, сондай-ақ адамдар тұрмысының ерекшеліктері, шаруашылығын, мәдениетін көрсетудің өзі дұрыс нәрсе. ЭКСПО көрмесіне келетін шетелдік қонақтарға арнап, Отырар ауданында «Алаш» атты этноауыл бой көтермек. Онда қазақтың салт-дәстүрінен бастап, тұрмыс-тіршілігін тамашалауға болады. Сондай-ақ аты мәшһүр Арыстанбаб кесенесін аралап, аты әлемге әйгілі Отырар қаласының орнын көре алады. Жасұлан Төлебеков, «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығының басшысы: - Отырар музейі құнды жәдігерлермен толығып, туристерге қызмет көрсетуге дайын. Мұнан 200-ден астам түйе, жылқыны жетектеп, серуендеуге болады. Сонымен қатар қазақи тандыр нан, құрт, жент дастарқанға шашылады. ЭКСПО-ға орай облыста 2 бағыт бойынша маршрут құрылған. Олардың ұзақтығы 3 және 5 күндік болмақ. Жоспар бойынша көрме кезінде аймаққа 150 мың турист келеді деп күтілуде. Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Мейрамбек Ахмаханов, Нұрбек Байбосынов

Похожие видео

Показать еще