31 арна журналистеріне күш көрсетілді
"Ұлымызды дәрігерлер өлтірді". Он жыл күткен перзенттерінің өліміне Бөпебаевтар отбасы Алматыдағы № 5 перзентхана дәрігерлерін кінәлап отыр. Айтуларынша, мекеме қызметкерлері 13 ақпан күні толғақпен келген келіншекке, дер кезінде қажетті көмек көрсетпеген көрінеді. Салдарынан, жүрегі тоқтап қалған сәбидің анасы да жан сақтау бөлімінен бірақ шыққан. Ал, осы мәселенің мәнісін анықтауға барған, "Информбюро" тілшісін перзентхана қарауылдары қақпадан күшпен шығарып, жарақаттай жаздады. Жанжалды жағдай, полиция қызметкерлерінің араласуымен, жалғасын тапты.
Похожие видео
Показать еще