Жамбыл облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы HD
«Жаңа жылдың таңғажайып оқиғасы». Осындай атаумен «Достық» үйінде Жамбыл облысы әкімінің шыршасы жанды. Бұл кеш негізінен әлеуеті төмен және көп балалы отбасылармен қатар ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған. Мақсат: Балғындарды бір-бірімен жақындастыру және қанаттандыру. Думанға толы сауық кешінде тілшіміз болып қайтты.Бүгін 100-ге жуық балғын шат-шадыман күйге бөленді. Ән айтты. Би биледі. Тақпақтарын оқыды. Ал, осы таңғажайып кештің басты кейіпкерлері Ақшақар мен Аяз ата өнерлі өрендерге арнайы сыйлықтарын ұсынды.Бұл күн бүлдіршіндердің асыға күткен күні. Себебі олар дәл бүгін емін-еркін еркелеп, ертегілер еліне саяхат жасай алады. Бастысы бәрі қуанышты. Осы сынды мерекелік кештерге тағы да келу үшін бар күштерін салып сабақ оқиды, тәртіпті болады. Бүлдіршіндерді құттықтауға арнайы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсбекұлы келді. Құр алақан емес. Бір жыл бойы жақсы оқып, тәртіп бұзбаған балақайларға сый-сияпаты бар.Біріне қыстық киім, енді біріне ұзақ күткен жұмсақ ойыншық. Бүлдіршіндер дән риза.Оқушылар, тұзаққа түсіп қалған Аяз атаны құтқару үшін барлығы бір кісідей жұмылып, ертегі кейіпкерін зұлым өрмекшіден құтқарып алды. Ақша қарды ортаға алып би биледі. Шыршаны айналып ән салды. Сауық кешінің соңында естелік суреттерге түсіп, көңілді тарасты.
Похожие видео
Показать еще