«Қордай оқиғасы» болған Қарасу және Масаншы ауылдарына блок бекеттер қойылды HD

04.02.2021
Қордайдағы «Масаншы оқиғасынан» кейін бірден қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әрбір азамат елдімекенге кіріп-шығу үшін міндетті түрде құжаттарын көрсетіп, тіркелуі керек еді. Қазір жіті тексеру тоқтатылған. Бірақ жақында қайтадан екі блокбекет қойылыпты. Ал облыстық полиция департаменті Сортөбе ауылына қосымша тәртіп сақшыларын жіберген. Олар «Қордай ісіне» қатысты сот процесі толық аяқталғанға дейін, елдімекендегі ішкі тәртіпті бақыламақ. Масаншыдағы қақтығыстан соң бірден елдімекендердегі қауіпсіздік шаралары да күшейтілді. Ауданда төтенше жағдай жарияланып, ауылдар арасына блокбекеттер қойылды. Ал саяси ахуал тұрақталған соң, бекеттер қайта алынып, есесіне, бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Ол үшін облыстық бюджеттен 60 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Ал бірер апта бұрын Қарасу және Масаншы ауылдарына блокбекеттер қойылған. ДАРХАН РЫСДӘУЛЕТ, Қордай аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары: – 7 полиция участкі қызметкерлері қызмет атқарады. Соған байланысты біз қазір департамент полиция бөлімінен қосымша күштер жұмылдырылған. Ол қазіргі пандемияға байланысты. Яғни, қазір Сортөбе ауылында облыстық полиция департаментінен жіберілген 90 тәртіп сақшысы ішкі тәртіпті бақылап жүр. Олар «Қордай ісіне» қатысты сот процесі толық аяқталғанша сонда болмақ. Ал аудан шекаралық аймақта болған соң, көрші елмен шекараны бұзатындар да көп көрінеді. Міне, сондай кездерде күштік құрылым өкілдері күшейтілген режимге көшеді екен. РҮСТЕМ ДӘУЛЕТ, Қордай ауданының әкімі: – Негізгі күшейтулердің барлығы шекараға байланысты. Бұзып өтеді, соны іздеу керек қой. Ол елдің ішіне кіріп кетеді. Сол елдің ішіне кіріп кеткеннен кейін әр машинаны тоқтату керек. Бір машинаға мініп, қашып бара жатыр ма. Ондай жағдайлар көп орын алған. Полицейлер, жаппай төбелес болған ауылдарда қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеді деп отыр. Ал әкімдік өкілдері, бейнебақылау камералары мен қосымша белгілерді орнату биыл да жалғасады дейді. Айтуларынша, бұл жұмыстардың барлығы ауыл халқының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #Қордай_трагедиясы #Масаншы_оқиғасы

Похожие видео