Алтыншоқы тауы. Altynshoky. Гора Алтыншокы
Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы, Сарлық ауылынан батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1935 ж. белгілі ғалым Қ.И. Сәтпаев Алтыншоқы тауының басынан жазулар қашалып түсірілген тақта тасты табады. Кейбір деректерде оны жергілікті тұрғындар көрсеткен деген ақпарат бар. 1936 ж. өңірге сол кездегі Ленинград қаласынан ғылыми экспедиция келіп, тасты Мемлекеттік Эрмитажға алып кетеді. Аталған жылдың соңында тарихи ескерткіш Эрмитажға жеткізіліп, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу басталады. Кеңестік ғалымдардың зерттеуінің нәтижесінде, тастағы жазулардың нақтыланған мазмұнының аудармасы ұсыналады. Жазудың қазақ тіліне аударылған мәтіні төмендегідей: «Мейірімді, рақымды Алланың атымен! Әлемнің әміршісі, шынайылықтың ордасы, Мызғымайтын қорғаушы, құдіретті, Өмір мен өлімді дана сыйлаушы! Жеті жүз тоқсан үшінші жылының жазында, қой жылы көктемінің орта айында (1391 ж. 6 сәуір), Тұран сұлтаны Темір-бек болғар ханы Тоқтамыс ханға қарсы ислам үшін үш жүз мың әскермен бірге шықты. Осы жерге жеткеннен кейін, ұмытылмас белгі болсын деп осы қорғанды тұрғызды. Тәңірім, жаратушы Ием сот әділдігін бере гөр! Құдайым ел халқына мейірімділік көрсет! Олар біздің дұғамызды еске алсын!». Бұл жазу Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тасқа қашалған деген болжам бар. 1391 жылы Әмір Темір (Ақсақ Темір) Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа әскерімен шығып, Ұлытауға келіп ат басын тіреген. Осы оқиғаға байланысты деректерде ол өзінің әскеріне бір-бір тастан тастатып, биік қорған тұрғызады. Осы қорғанның жанына белгі, яғни тақта тас орнатуды бұйырған. Осы жерде үлкен көлемдегі балқыту пеші болған. Тақта тастың түпнұсқасы қазірігі кезде Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейінде сақтаулы. Ал, Алтыншоқы тауына ХХ-ғасырдың 90-жылдары Темір жазуына ұқсатылып дайындалған көшірмесі қойылған. ----------------------------------------------------------------------------------- Located 12 km west of the village of Sarlyk in Ulytau district of Karaganda region. In 1935, at the peak of Altynshoky Mountain, the famous scientist K.I. Satpayev discovered stone slabs with the inscription. According to some sources, the locals indicated the place of the stone to the scientist. In 1936, during the arrival of the scientific expeditions of Leningrad, the slab was transported to the State Hermitage. By the end of the year, the historical monument was delivered to the Hermitage, and subsequently, the scientific investigation of the object began. As a result of research by Soviet scientists, a translation of the content of the inscription on the stone was presented to the public. The translation of the inscription into English is provided below: «In the name of Allah, the Beneficent, the Merciful! Lord of the Existent, Sanctuary of Truth, Vigilant Protector, Almighty and Almighty, the Wise giver of life and death! In the summer of seven hundred and ninety-third, in the year of the sheep, in the middle spring month (April 6, 1391), the Sultan of Turan — Timur-bek went with two hundred thousand troops, for his own sake, against
Похожие видео
Показать еще