Бектау ата тауы және үңгірі. Mountain and cave of Bektau ata. Гора и пещера Бектау ата HD
Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан 60 шақырым солтүстікте орналасқан. Таудың аумағында түрлі шатқалдар мен құздар орналасқан. Бектау ата тауының жер бедері – беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Бектау ата тауы географиялық-климаттық орны мен тарихи дамуы жағынан ерекше мекен. Ол қазақ даласының үлкен екі табиғи-климаттық зонасы – Жетісу мен Сарыарқаның шектесетін тұсында тұр. Сарыарқаның оңтүстік-шығыс қиыры болып саналатын осы шағын алқабында Арқаның жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің – фаунасы мен флорасының көптеген өкілдері мен түрлері кездеседі. Бектау ата тауында тұщы су көзі бар, киелі болып саналатын«Әулие» үңгірі орналасқан. Үңгірдің түпкі жағында суы мөлдір, көлшік бар. Тау қуысы жоғарыға қарай, мұржа секілді айналып жерге шығады. Үңгірден төменіректе әулие шошаласының орыны бар. Ел арасында ол шошаланың біраз ғасырлар бойы тұрғанын, ондағы ыдыс-аяқтардың да қаз-қалпында сақталғандығы айтылады. Кеңес үкіметі кезінде ол шошала құлатылып, ыдыстары сынып, жоғалып кеткен. «Бектау» атауының қайдан шыққаны туралы нақты дерек аз. Таудың атына байланысты ел арасында аңыздар сақталған. Солардың бірінде: «Бектау ата және Беғазы деген екі әулие болған. Олар қашып келіп, осы тауды паналаған» делінген. Тағы бір аңызда жауынан қашқан Атабек атты адам осы таудың үңгіріне жасырынады. Дұшпандары оны таба алмай, кері қайтып кетеді. Үңгірдің ішіндегі бұлақтан шөлін қандырған Атабек аман қалады. Таудың атауын Асан қайғымен де байланыстырады. Бұрынырақ Бектау ата үңгірі ауруға шалдыққан адамдар, бала көтермей жүрген әйелдер басына түнеп, сыйынып, құрбандық шалатын орын болған. Бүгінде саяхатшылар тамашалайтын мекенге айналған. --------------------------------------------------- Located 60 km north of the city of Balkhash in Karaganda region. On the territory of the mountain, there are various gorges and rocks. The slopes of Bektau ata are vertical, smooth stones, the peak is peaked. In terms of geographic and climatic location and historical development, Mount Bektau ata is a unique place, which located on the outskirts of two large natural and climatic zones of the Kazakh steppe – Zhetysu and Saryarka. This small valley, which is considered the southeastern part of Saryarka, is home to various representatives of flora and fauna. On Mount Bektau Ata there is a sacred cave «Auliye» with a source of freshwater. At the end of the cave, there is a lake with clear water. If you climb higher, you can exit the passage, similar to a chimney. Below the cave are the ruins of the «Auliye Shoshalasy»(Holy Closet). According to legend, the closet stood for many centuries, and the dishes in it were preserved in their original form. However, the closet was destroyed in Soviet times, the dishes were broken and completely lost. There is almost no exact data on the appearance of the name «Bektau». The people have preserved many legends associated with the name of the mountain. According to one: «There were two holy elders – Bektau ata and Begazy.