Садыр Жапаров ең алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастады HD
КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: https://www.youtube.com/c/KhabarNEWS?sub_confirmation=1 Қырғыз Президенті Садыр Жапаров – карантин шараларынан кейін Ақордаға келіп тұрған алғашқы мәртебелі мейманның бірі. Елдің бас сарайында оны Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Қырғыздың жаңа басшысы біздің елмен байланысты бұрынғыдан да тереңдетуге ниетті. Тіпті Жұбан ақынның бір шумақ өлеңін оқып елді елең еткізді. Садыр Жапаровтың ел билігіне келгеніне бүгін тура 50 күн. Президентікке сайланған бойда алғашқылардың бірі болып Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы шақырту жіберген-ді. Қырғыздың Президенті мұны «шоң» мәртебе ретінде қабылдапты. Садыр Жапаров Орталық Азия мемлекеттері арасында, ең алдымен, Қазақстанға баруға сөз берген. Уәдесінде тұрды. Бұл – оның Президент ретіндегі ең алғашқы мемлекеттік сапары. Қырғыз Президентінің жасы 52-де. Ел саясатына 2005 жылдары депутат ретінде келіп, Мемлекет басшысы деңгейіне жетті. Ол – айыр қалпақты ағайынның алтыншы президенті. Бұған дейін де қазақ-қырғыз басшылары жылына ең кемі екі рет жолығып отыратын. Алтыншы Президенттің де алғашқы сапарының бағдарламасы ауқымды боп шықты. АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА: Отдел журналистских расследований https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10ru2Tj6vkdWuof4T0rUWiEKK «Бүгін» ток-шоуы https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10rsjBqYQHiMh2yYr1lIYT-13 «Khabarlas» https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10rtds-wgF0HQHtM60pfDrNLz #СаясатХабар #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS
Похожие видео
Показать еще