1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні. HD

30.11.2020
Бұл жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 29 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мем¬лекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мәнінде, Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Бұл мереке біріншіден, мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентімізге ілтипат болса, екіншіден халықты сыйластыққа, достыққа шақыру, береке-бірлікке жетелеу болмақ. #Pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #1желтоқсан #Президенткүні #ҚазақстанРеспубликасы #1991жыл #Тұңғышпрезидент #Елбасы #Көшбасшы #Бітімгер #Тәжірибелістратег

Похожие видео

Показать еще