Тәуелсіздік мерекесінің марапаты

15.12.2020
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының атынан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Олардың ішінде шығармашылық және ғылыми орта өкілдері, қоғам қайраткерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер бар. Мемлекет басшысының атынан табысталған марапаттың бірі - Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметоваға табыс етілді. Батырдың келіні «Құрмет» орденімен марапатталды. Зиялы қауымнан өзге дәрігерлер мен мұғалімдердің де мәртебесін көтерген қала басшысы, бүгінгі құрмет иелерінің кейбірін өзі қолтықтап, демеп, сахна төріне шығарды. «Құрмет» орденіне 11 алматылық ие болды. Олардың қатарында №5 емхана бас дәрігерінің орынбасары Абдрахманова, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат та бар. Салтанатты шарада III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі «үшін медалімен, сондай-ақ «Шапағат» медалімен бірқатар алматылық марапатталды. БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, Алматы қаласының әкімі: – Баршаңызды бүгінгі лайықты наградаларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттің дамуы, қаламыздың гүлдену жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Егемендігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұңғырлы болсын! Сондай-ақ, бүгін Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы ең алғашқы Alatau Creative Hub инновациялық мәдени орталығын ашты. Қала түгілі, Қазақстанда басқа баламасы жоқ инновациялық, креативті нысан - «Алматы-2050» ұзақмерзімді дамыту стратегиясының бір бағыты болып табылады. Мультимедиалық кеңістігі бар ерекше орталық мыңға жуық баланың виртуалдық ілім алып, бағдарламалау саласын тегін меңгеруіне мүмкіндік бермек. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще