6. Тәуелсіздік тарихы HD

19.12.2015
Ел егемендігінің есею жылдарында Қазақстан бағындырған белес көп. Азаттықтың арқасында алға басып, Ұлттық стратегиялар ұтымды орындалып, болашақты байыптаған бағдарламалар жүзеге асып келеді. Тәуелсіздік күніне орай әлемнің әр түкпірінде бірнеше іс-шара болды. Шетелдік қайраткерлер Қазақстанның жетістіктерін атап өтті. Мәселен, Мәскеудегі жиында ресейлік саясаткерлер, жазушылар мен ғалымдар еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы орнын, аймақтық әрі жаһандық проблемаларды шешудегі рөлін айтты. Қазақстан тәуелсіздік жылдары экономикасын нығайтумен қатар, ұлттық құндылықтарын да сақтай білді деп санайды олар.

Похожие видео

Показать еще