Ринат Зайытов: Айтыскер ақынға ой тәуелсіздігі керек (03.03.16)
Айтысты ұйымдастырған адамдар болсын, сол жердегі қазылар алқасы болсын, олар сенің ойыңмен келіспеуі мүмкін, сол кезде әр айтыскер ақынның ойында тәуелсіздік болу керек. Ол өзі шешу керек. Егер мынаны айтсам, жүлде ала алмай қаламын ба, ұпайымды кемітіп тастайды ма деп өзін-өзі болымсыз нәрсеге байлай беретін болса, онда айтыскер ақын тұлға ретінде жойыла бастайды. Сондықтан өзінің жеке "мені", қоғамға деген көзқарасы болу керек. Біз қоғамды тойда билетеміз деп қана ән жаза беретін болсақ немесе Батысқа еліктеп,бізге мүлдем жат, ұрпақтың келешек тәрбиесіне теріс әсерін беретін бағытты ұстанып, солай жұмыс істесек, әрине үлкен ауытқу болады. Барлығын әкеліп жаһандануға жаба салуға болады. Ринат Зайытовтың айтысқа қандай өзгеріс керектігі, поэзия және әнге қатысты пікірлерін "Кешкі қонақ" бағдарламасынан көріңіз.
Похожие видео
Показать еще