Алматылық әйел заңсыз сотталған баласын босатуды сұрайды HD
Алматылық әйел баласының заңсыз сотталғанын айтып, тиісті органдардан көмек сұрайды. Әлия Бижанова 35 жастағы ұлы жаланың құрбаны болды деп есептейді. Тергеу құжаттарына қарағанда, оқиға 2019 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай елдімекенінде орын алған. Әйелдің айтуынша, Алматыда құрылыс саласында жұмыс істейтін баласы Эрнст Хамидуллин өз фирмасының күзетшісі Отаналы Төлепбергеновпен бірігіп Арман Жайсан деген азаматты өлтірді деп айыпталып жатыр. Тергеу барысында бір жерде жұмыс істейтін үш адамның жанжалдасуы барысында адам өлімі болғаны анықталған. Алайда кінәні өз мойнына алған Отаналы Төлепбергенов ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімімен, яғни адам өлтіру дерегі бойынша 11 жылға сотталады. Ал серіктестік басшысы Эрнст Хамидуллинге «қылмысты біле тұра, тиісті органдарға хабарламады» деген айып тағылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Алматы облыстық қылмыстық істер жөнінідегі сот алқасы кәсіпкерді қылмысты уақытында хабарламағаны үшін айыпты деп тапқанымен, көп ұзамай іс қайта тергеуге жіберіледі. Алматы облысының маманандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты 2021 жылы 22 қаңтарда Э. Хамидуллин мен О. Төлепбергеновтің әрқайсысына 15 жылдан қайтадан үкім шығарады. Күдіктілер ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлімімен «алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтірген» деп айыпталады. Сотталушылардың туыстары Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына аппелияциялық шағым түсіргенімен, 2021 жылы 30 наурызда жоғарыдағы үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сөйтіп екі азамат та Алматыдағы СИ-18 уақытша оқшаулау изоляторында қамауда отыр. Әлия Бижанова баласының кінәсіз екеніне сенімді. Сондықтан Жоғарғы сотқа шағым жазып, баласының ісін қайта тексеруді сұрап отыр. Әйелдің айтуынша, істі биыл 3 мамырда Жоғарғы сот қабылдаған. Енді оның бар үміті осы соңғы инстанцияда. Біздің сайт: https://azattyq-ruhy.kz Instagram: https://www.instagram.com/azattyq.ruhy/ Facebook: https://www.facebook.com/Azatruhy/ Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy Twitter: https://twitter.com/AzattyqRuhy Наш сайт: https://rus.azattyq-ruhy.kz/ Instagram: https://www.instagram.com/azattyq.ruhy/ Facebook: https://www.facebook.com/Azatruhy/ Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy Twitter: https://twitter.com/AzattyqRuhy