Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, ізін суытпақ болған Қазақстан азаматы ұсталды HD
Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан келген тағы да бір заңсыз мигранттың заң бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Кванджу қалалық полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, 23 қыркүйекте шамамен кешкі сағат 19:00-де автокөлікке мінген Қазақстан азаматы таксимен соқтығысқан. Осыдан кейін ереже бұзушы ізін суытпақ болған, алайда такси жүргізушісі оны ұстап алып, полиция қолына тапсырды. Тергеушілер қазақстандықта жүргізуші көлігі болмағанын анықтаған. Сондай-ақ былтыр қыркүйек айында туристік визамен келген ол Корея Республикасы аумағында заңсыз болған. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/344830-o-t-stik-koreyada-erezhe-b-zyp-izin-suytpa-bol-an-aza-stan-azamaty-staldy
Похожие видео
Показать еще