Д.Назарбаева: Қытайдан келетін тауарлардың 90 пайызға жуығы елімізге заңсыз тасымалданған HD

06.12.2018
Қазақстанға импортталатын тауардың 45 процентіне ғана кедендік баж салығы салынып жүр. Тіпті бұл көрсеткіш аракідік 10 процентке дейін түсіп кетеді. Сәйкесінше қазынаға түсетін кіріс азаяды. Бүгін Сенаттың пленарлық отырысында Дариға Назарбаева осындай мәлімет келтіріп, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады. Сенатор былай дейді: «ТрансПэренси Қазақстан» қоғамдық қоры «Қазақстанның кедендік жемқорлығы: тауар айналымын талдау» тақырыбында зерттеу жүргізген. Сөйтіп еліміздің кеден мекемелерінде біраз жемқорлық дерегін анықтаған. Тауар айналымына қатысты статистикалық мәліметтер де кейде шындыққа жанаспайтын көрінеді». Дариға Назарбаева Қаржы министрлігін осы мәселені назарға алуға шақырды және сыртқы сауда-саттықтағы соңғы 5 жылдың статистикасын беруді сұрады. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/282394-d-nazarbaeva-ytajdan-keletin-tauarlardy-90-pajyz-a-zhuy-y-elimizge-za-syz-tasymaldan-an

Похожие видео

Показать еще