«Қазцинк» компаниясы бейбіт күннің батырларын марапаттады HD

21.07.2021
«Қазцинк» компаниясы бір жыл ішінде өзгенің өмірі үшін батыл қадамға барған батырларды марапаттады. Биыл Шығыс қазақстандықтар ерлігімен елге үлгі көрсеткендерге табысталатын дәстүрлі «Ізгі жүрек» сыйлығына 13 азаматты ұсынған. Онлай дауыс беру нәтижесінің қорытындысына сай, оның төртеуі 1 миллион теңге қаржылай сыйлықты иеленді. «Қазцинк» компаниясы басына төнген қауіп-қатерге қарамай өлім аузында тұрған тұрғынды құтқарған бейбіт күннің батырларын марапаттады. Биыл Шығыс қазақстандықтар дәстүрге айналған «Ізгі жүрек» сыйлығына 13 үміткерді ұсынған. Олар ерлік жасап, елге үлгі болған жерлестеріне компанияның сайты арқылы онлайн дауыс беріпті. Тұрғындар таңдауы Диас Ағзамов пен Азамат Ыбырайхановқа түскен. Екі полицей жұмыс барысында отқа оранған үйден төрт адамды алып шыққан. Оның ішінде бүлдіршін мен зейнеткер де бар. Ал 21 жастағы Артем Боровиков - Ертіс өзінінен мұз астына түсіп кеткен әйелді аман алып шыққан. Ол құтқарушылар келгенге дейін келіншекті 15 минут бойы ұстап тұрыпты. Ел алғысына бөленген Нұрбек Тоқышев - Қазақстан қарулы күштерінің зейнеткері. Қазір мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ол мүгедек көршісін жанып жатқан үйден алып шығып, құтқарып қалған. НУРБЕК ТОКУШЕВ, «Ізгі жүрек» сыйлығының лауреаты: – Шынымды айтсам, жүлдегер болам деп еш ойлаған жоқпын. Әрі, адам құтқару да ойымда болмапты. Бірақ қиын жағдайға тап болған жанды көргенде бірден көмекке жүгірдім. Меніңше, барлығы солай етер еді. Қазір ұл-қыздарым хабарласып, құттықтап жатыр. Өзім де мәзбін. Дәстүрлі сыйлық шілде айының үшінші жексенбісі, яғни «Металлургтер күніне» орай ұйымдастырылған. Ал дауыс беруге 13 мыңнан астам тұрғын қатысыпты. АНДРЕЙ ЛАЗАРЕВ, «КАЗЦИНК» компаниясының атқарушы директоры: – Бұл кісілер бейбіт күннің батырлары. Олар бір сәтте ойланбай, өлім аузында тұрған адамды құтқарып қалды. Қазір мұндай батырлар өте сирек кездеседі. Олардың жанкештілігін бағалау керек. Компания өкілдері бұл игі іс әлі де жалғасады деді. Ал бейбіт күннің батыры атанған азаматтар қолдау көрсетіп, марапат жасаған «Қазцинк» компаниясына алғыстарын жаудырды. Әрі, мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бүгінге дейін төрт жыл ішінде 11 адам «Ізгі жүрек» сыйлығына ие болып отыр. Нұрболат Жаңабекұлы, Дәулетбай Нұрмахан Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Казцинк #Ізгі_Жүрек

Похожие видео