Сегіз қаланы басып алды/Түркілер дүр сілкінді/Астанаға шабуыл жасалды! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Тәуке хан. Өз заманында Осман империясымен бірігіп орыстың сегіз қаласын басып алмақ болғанын естіп пе едіңіз? Түріктер қазақтарға көмек беруден не үшін бас тартты? Тәуке ханның тұран одағын құруға не себеп болды. Бұл туралы қызықты ақпараттарды сізге көзбен көрген дұрыс! Көрермендерім. Аса бір қиын емес қой. Видеомызға лайктарыңызды аямай, пікірлеріңізді қарша жаудырып, арнамызға ойланбай тіркеле кетіңіздерші. Тағылымы мол тарихи һәм саяси ақпараттармен мейлінше сусындатып, шөлдеріңізді қандыратын боламын ағайын. Кеттік ендеше Қазақтың айбары асқақтап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез. Тұрақты Жетпіс мың әскеріммен аман саумын деп, орысқа шалқасынан қарап, тағында шірене отырған Әз Тәукенің хандық тұсы. Қазақтардың қоластына қырғыздар мен қарақалпақтар топтасқан кез. Арағайындық танытып отырған Хиуаның қайқы қылышы да бата алмайтын сәттер. Осы сәттерді пайдаланып асыл текті Әз Тәуке Осман Империясы үшінші Ахметке хат жазды Тарихи тұрғыдан қарасақ, Тәуке ханның Осман билеушісі үшінші Ахметке жазған хаты өте құнды. Хат Ресей мен Түркия арасындағы соғыс аяқталып, бейбітшілік туралы келісім жасалғаннан кейін жазылды деп топшылаймыз. Хат билеушіні мадақтаумен басталады: «Атақты һәм даңқты, бойында ұлылық пен әділеттілік, абырой мен мейірбандық бар, екі қасиетті қаланың иесі (Мекке мен Мәдина), шариғат бойынша бірауыздан таңдалып, діннің жанашыры ретінде белгілі болған мәртебелі Осман ханның ұрпағы Ахмет хан» деп хат кіріспесі осылай басталған болатын Кейін Қазақ хандығы мен Осман империясы дін-бауырлас екеніне арнайы тоқталып өтеді: «Сіздің шын досыңыз Ташкенттегі Афрасиабтың тағында отыр. Менің құзырымдағы адамдар және иелігімдегі жерлер: Түркістан, Әндіжан, Сайрам, Қарақалпақ және басқа да халықтар таңның атысы күннің батысы шариғат бойынша құлшылық етеміз» деп қысқалай айта келіп, кемеңгер Әз Тәуке одан ары нақты шаруа жайында жазады: «Біздің хандығымыз бен Москов (Мәскеу) княздігінің арасында «Естек» аталған иелігіміз бар. Әз Тәукенің естек деп атап отырғаны башқұрт, ноғай жерлері болса керек. Оның тұрғындары бәрі сүннет жолын ұстанушылар. Бұрын бұл жерді Мәскеу талқандап, өзінің иелігіне қосып алған еді. Сол кезден бастап олар Мәскеуге салық төлеумен жүр. Енді бұл халық өзінің әскері және байрағын алып бізге қоныс аударып жатыр. Бізге көмек қолын созсаңыздар Естектің сегіз қаласын дінсіздерден азат етіп, мұсылман бауырымызға көмектесе аламыз. Егер тізе қосып аттансақ, Мәскеуге айтарлықтай зиян келтіруге болады, тіпті Мәскеудің өзін де басып ала аламыз» деп аяқтаған еді Әз Тәуке өз хатын. Бұл ақпараттар Ерофееваның «1675-1821 жылдар аралығындағы қазақ билеушілерінің хат түрінде қалған мұрасы» еңбегінен алынған болатын. Алайда Еуропамен басы қатып жатқан түрік сұлтаны бұл хатқа жылы жай қарап, құр сөзбен шығарып салады. Егер Осман империясымен Қазақ хандығы бірігіп бір мезгілде әскер шығарар болса Ресей императорын сабасына түсірері анық еді. Себебі Ресейдің өз ішінде де мәселелер тоып жатқан