АЛҒЫС ҰСТАЗҒА!!! АЛҒЫС МЕКТЕПКЕ!!! Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп. Ақтау
Мектебіміздің талантты шәкірттері мектепке деген сағынышын әнмен ақтарды. Музыка пәні мұғалімі, әнші, композитор Тұржанова Назира Елемесқызы жетекшілік ететін вокал үйірмесінің қатысушылары жүрекжарды сезімдерін осылай жеткізді. Жүректен шыққан шын сезімге толы әнді барша ұстаздар құрметіне арнаймыз! Әннің сөзін жазған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүсіпбекова Ғазиза Жүсіпбекқызы. Қоңырау жезді үнін сыңғырлатып, Шақырса, алтын ұяң, сол бір уақыт. Асығып жетер едім ақ бантикпен Мектепте оқу деген шын бір бақыт. Қадірі уақытында білінбеген. Ұстазым абзал жан ғой күлімдеген. Оқуға, түсіндірер көз алдыңда. Жетпейді қашықтықтан білім деген. Қайырмасы: Алғыс ұстазға! Алғыс аспазға, Тазалықшы жандарға! Алғыс басшыға Алғыс дос мына, Қол созатын арманға! Сағындым сыныбымды бірге оқыған. Қалмас ем сабақтан мен күнде осыдан. Асыр сап үзілісте ойнаушы едік. Жолдаймын сағынышпен бар досыма ән. Асхана - жүректерге жолын тапты, Ыстықтай ұсынатын бәліш тәтті. Сайысып, кеш өткізіп, білім алған Сағындым мектептегі әрбір сәтті. Қайырмасы: Бұл дерт жойылсын, Нүкте қойылсын Алыс болсын іргеміз. Біз де үйдеміз Бейбіт күйдеміз Біз де елмен біргеміз!