«Бақытты бала» фестивалі. Димаш Ақтөбеде.

03.06.2018
Естеріңізде ме Димаштың орындауындағы «Сәлем» әнін Бастау концертіне Димашпен бірге айтып, бейнебаян жазу керек еді. Бұл сәт әлі есімде, ол үшін арнайы саябаққа барып, өзімді түсіріп, айтқанмын. Эх, сол кезде керемет сезімде болдым☺. Сол үшін бұл әнді бейнабаянға қостым...Сәлем Димаш @kudaibergenov.dimash , сен Қазақстанда♥♥♥ Ал енді маңызды жаңалықтарға тоқталайық. ✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨✨ «Балаларымыз бақытты болсын» Маусымның 1 мен 2 күндері Батыс Қазақстан облысының Ақтөбе қаласында «Бақытты Бала» атты фестивалі өтті. Бұл күндері қатысушылар, қонақтар мен ұйымдастырушылар үшін ең маңызды күндері болды. Димаш Құдайберген бұл фестивалінде төреші ретінде болған. Сонымен қатар, Гала концертінде бізге белгілі 3 ән орындады: 1) Show must go on 2) Жұлдызым 3) Құсни Қорлан LIVE эфирді көрсеткен Dears-тарға мың алғыс @dimash_gifted @sholpantabaeva. Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Гала концерттен кейін, Party болып, бейнебаянда көрсеткендей, үлкен тортты Димаш бөліп, жанындағы Раушан @raushan_kudaibergen мен балалар қуанышқа бөлініп жатыр. «Бақытты бала» фестивалі өте керемет өтті, жеңімпаздары атанып, сыйлықтары мен орындарын алды. Сонымен қатар, Украина дауы сының жеңімпазы Данелия Тулешова @tuleshova_daneliya дe, ән салған. Сонымен қатар, бұл күндері Димаштың қасында болып, қолдау көрсеткен қонақтарымыз, атап айтсақ, Азия, Еуропа, Жаңа Зеландия елдерінің жанкүйерлері келген. Қонақтарымыз Димаш оқыған №32 мектеп гимназиясында, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде болған. Колледжде Димаш студенттермен кездесіп, өзінің ақыл-өсиетін беріп, яғни тек кәсіби жағынан емес, тәрбиелік, моральдық әрі психологиялық тұрғысынан кеңес берген. Бұл сөздер әлі де есімде «Ең бастысы - адам болу» . Алдында Димашпен Фан Митинг болып, сұхбат беріп, тек өзі ғана емес, отбасы да келіп, суретке түсіп кеткен. Қандай керемет жаңалықтар! Мен үшін бұл үлкен қуаныш, Алыста болсам да, Интернет желісі арқылы сені @kudaibergenov.dimash көру қандай бақыт. Алдағы болатын іс-шараларға, жоспарларыңа сәттілік, зор денсаулық, жүзіңнен ешқашанда күлкің кетпесін! Бақытты бол♥♥♥, Алтын отбасың аман болсын, тек қана береке болсын!

Похожие видео

Показать еще