Ақтөбеде Мұғалжар ауданының күндері басталды
Ақтөбеде Мұғалжар ауданының күндері басталды. "Туған жерім-нұрлы елім" шарасы композитор, ғалым Ахмет Жұбановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Кейін ауданнан келген жас өнерпаздардың концертіне ұласты. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның алдында республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары ән шырқап, би биледі. Мұғалжарлықтар бүгінгі шараға құр қол келмеген. Олар қаладағы №7 арнайы түзету мектебінің тәрбиеленушілеріне сый-сыяпат жасады. 15 балаға аяқ киім тарту етті. Ал филармония сахнасында "Айырық сұлтаны" атты облыстық байқау өтті. Оған 18 бен 27 жас аралығындағы 10 жігіт қатысты. Өңіріміздің әр ауданынан келген. Сахнаға шыққан жігіттер өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін дәлелдеуге тырысты. "Айырық сұлтаны" атану үшін жігіттер сахнада өнер көрсетті. Кейін күш сынасты. Сұлтан атанып, байқауды жеңіп шыққан қатысушыға бағалы сыйлық тағайындалған. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Похожие видео
Показать еще