Сырғанақ тебуге барған 10 жастағы қыз тасқа соғылып көз жұмды HD

21.12.2020
Алматы облысында сырғанақ тебуге барған 10 жастағы қыз көз жұмды. Ол жаққа бала ата-анасымен барған. Таудың етегі шұңқырға толы, сырғанақ тебуге арналмаған жер екен. Әкімдіктегілер «бұл жерде сырғанақ тебуге болмайды» деген ескертпе тақтайшаларды қанша ілсек те халық оны сындырып, елеп ескермейді дейді. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші: – Қайғылы жағдай дәл осы жерде болған. Бұл жер бір қарағанда ен дала, жазық сынды. Бірақ бұл жерде сырғанақ тебуге мүлдем болмайды. Себебі, газ құбыры жүргізілген. Жер қазылған. Қазір қар жауғандықтан тастар көрінбей жатыр. Ал 10 жастағы қыз бала анасымен дәл осы таудан сырғанақ тебуге келіп, тасқа соғылып мерт болған. Қайғылы жағдайды өз көзімен көрген Азамат есімді Көксу ауданының тұрғыны кішкентай қыз ересек адаммен балон арқылы сырғанады дейді. Ал сырғанақтан көз жұмған бала Талдықорған қаласының тұрғыны екен. АЗАМАТ, Көксу ауданының тұрғыны: – Жартысынан таман бері қарай сырғанады. Олар ойлады былай қарай кетіп қаламыз деп. Ол кете алмады. Тура осылай сырғанағаннан тура осы жерге келіп, ажалы осы жерге келді ғой. Ал таудың етегі дәл осындай қазылған шұңқырға толы. Бірақ әкімдіктегілердің сөзінше, ауыл халқы бұл жерге сырғанақ тебуге келмейді. Тек білмейтіндер осы жерді демалыс алаңына айналдырған. БАУЫРЖАН ЕГІНБАЕВ, Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округінің әкімі: – Бұл жерде сырғанауға болмайды. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, бұл жерде шұңқыр бар. Газдың жүйесі тартылған. Табличкалар ілінген болатын. Табличкалардың бәрін сындырып, құлатып тастаған. Тасқа келіп соғылып отыр. Халықтан сұрайтыным, бұл жерге сырғанамауларыңызды сұраймын. Қарағанды облысында да балонмен сырғанаған әйел адам омыртқасын сындырып алған. Сондықтан, мамандар жылдамдығы қатты балонмен сырғанауда абай болуды ескертеді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще