Ауғанстандағы тәлібтер 12 жастағы қыз балаларды сексуалды құлдыққа әкетіп жатыр HD

12.08.2021
Талибтердің билік басына келген адами құндылықтарды сақтаймыз дегендері құр сандырақ болып шықты. Себебі Ауғанстандағы талибтер небәрі 12 жастағы қыз балаларды сексуалды құлдыққа әкетіп жатыр. Сондықтан тәліптер жаулап алған елдімекендерден қыз-келіншектер отбасы, жақындарын тастап, бас сауғалап қаша бастады. Ал «Талибанның» командирлері қол астындағы жауынгерлеріне жар қылып алып беру үшін бақылаулға алынған аудандардағы ақсақалдардан басы бос келіншектер мен бойжеткендердің тізімін талап етеді екен. Бұған дейін радикалдар жергілікті үйлерді тінтіп, 15-тен 45 жас аралығындағы тұрмысқа шықпаған қыздар мен келіншектерді тартып әкетіп жүрген. Енді балиғат жасына толмаған қыздарға көз сала бастады. Ауғанстандағы Америка университетінің профессоры бұны «этникалық тазалаудың» амалы деп санайды. Әрі ұрланған келіншектер мен бойжеткендер сексуалды құлдыққа түседі екен. Айта кету керек, АҚШ өз әскерін ауған елінен шығара бастағалы жағдай ушығып кеткен. Қазір Пентагон сарбаздарының 95 пайызы үйлеріне оралды. Ал мыңдаған ауған әскерлері талибтерден бой тасалап, Тәжікстанға қашып жатыр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Тәлібтер #сексуалды_құлдық #Ауғанстан

Похожие видео

Показать еще