АҚТАУ ХАЛҚЫ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҒУДА! HD
АҚТАУ ХАЛҚЫ НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҒУДА! Маңғыстауда #көпбалалы_аналар, алаяқтардың кесірінен несиеге ұрынған және жаппай қымбатшықтан қиналып жүрген азаматтар #Ақтау қаласында облыстық әкімшіліктің алдына #наразылық_акциясы-на шығуда. Әдеттегідей, бұл жолы әкімнің орынбасары халықты алдаусыратып, қайтармақшы болды. Дегенмен, бұл ұры биліктің үәделеріне сенуге болмайды. Назарбаев және оның әулеті осы күнге шейін халықтан ұрлаған барлық миллиардтаған активтерін мемлекетке әлі қайтарған жоқ және қайтарғысы да келмейді. Қазіргі билік халықты тек құл ретінде көреді. Ресеймен барлық одақтарынан, соның ішінде Еуразиялық кеден одағынан шығуымыз керек! Санкцияларға ұрынған Ресей Қазақстанның экономикасын да құрдымға әкетіп бара жатыр. Кеден одағының кесірінен және Тоқаевтың сатқындығынан еліміздегі бағалар шарықтап өсуде. Төменгі жалақылар. Халықтың әл-ауқаты төмен құлдырауда. Ал жағымпаз Тоқаев Ресейдің сойылын соғуда. Сатқын билік қазақ елінің мүдделерін Ресейге жығып беруде. Авторитарлық режимдерді болдырмау үшін Қазақстандағы #президенттік_лауазымды_жою және #парламенттік_республика құру қажет. #Саяси_қудалаулар_тоқтатылсын! Бірігейік бәріміз! Наразылықты қолдап шығайық, ағайын! #Маңғыстау #30_мамыр #2022ж
Похожие видео
Показать еще