#Abai175 Бақытжан Əбдірайым HD
Қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елімізде ақын шығармашылығынан үзінді оқуға арналған челлендж бастау алды. Бұл бастама Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен қолдау табуда. Ұлы Абайдың шығармашылығы - қазақ халқының ұлттық мақтанышы, сонымен қатар, әлем әдебиетінің алтын мұрасы, дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Мен үшін ақын шығармашылығына арналған эстафетаға қатысу - үлкен абырой. Бұл эстафетаны профессор, мемлекеттік және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетовтан құрметпен қабыл алдым. Ұлы ойшыл шығармашылығынан ойып тұрып орын алған еңбек, еңбексүйгіштік және әділдік мәселелері бүгінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының басты назарында болып отыр. Қазіргі таңда кәсіподақтар еңбеккерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселесінде алдыңғы шептен көрінуде. Бұл тұрғыда Кәсіподақтар федерациясы «Теңізшевройл» компаниясының еңбек құқықтарын сақтау, жұмысшылардың денсаулығын қорғауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде көрсеткен әлеуметтік жауапкершілігін, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін жоғары бағалайды. Осы орайда мен эстафета кезегін еліміздегі ең ірі мұнайгаз кәсіпорны - "Теңізшевройл" серіктестігінің Бас директоры Имер Боннер ханымға және ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің белсенді еңбекші жастарына ұсынамын. Құрметпен, Бақытжан Әбдірайым Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы