«Ұлыбританиядағы Қазақстан аруы» атанған Сымбат Құлжағарова он бірінші қабаттан секіріп көз жұмды
«Ұлыбританиядағы Қазақстан аруы» атанған Сымбат Құлжағарова он бірінші қабаттан секіріп көз жұмды. Марқұмның туғандары бұған күйеуін кінәлап отыр. Өйткені 4 жыл отасқан жолдасы мен ата-енесі Сымбаттың екі баласын өздеріне алып, оны психикалық ауруханаға жатқызып тастаған еді дейді. Алайда қазан айында Сымбаттың туған сіңлісі бастап қоғамдық резонанс тудырған іске белсенділер араласып оны ауруханадан алып шығып, сау екенін дәлелдеген. Екі айдан бері күйеуімен арпалысып жүріп, екі баласын өзіне әрең қайтарып алған Сымбат Нұр-Сұлтанның қақ ортасында орналасқан мына үйдің он бірінші қабатынан түнгі екіден аса секіріп кеткен. Таныстарының айтуынша, тұрмысқа шыққанына 4 жыл ғана болса да, соның 3 жылында қысым көріп өткен оны жұбайы балаларынан бас тартуға мәжбүрлеген көрінеді. Алайда айтқанға көнбеген Сымбатты күйеуі психикалық ауруханаға жатқызыпты. Көптің көмегімен 100 пайыз дені сау екенін дәледеп шыққан Сымбаттың ақыры осындай болды. ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ, Сымбат Құлжағарованың құрбысы: – Сене алмаймын өзіне қол жұмсады деген мәселеге. Өйткені түсініксіз жағдайлар орын алып жатыр. Өйткені денесін тапқан кезде ешқандай записка болған жоқ, письмо болған жоқ. Қазіргі таңда записка пайда болды ешкімді кінәламаймын деген. Оған ешкім сенбейді. Психикалық ауытқушылығы жоқ екенін дәлелдесе де күйеуі Сымбаттан тексеруден қайта өтуін талап еткен екен. Нұр-Сұлтанға үш күн бұрын қайтып келуінің себебі де осы дейі құрбысы. Ал ішкі істер департаменті «Сымбаттың қалтасынан «Ешкімді кінәламаймын» деген хат бірден табылды, сондықтан ешкімді қамауға ала алмаймыз» деп отыр. Бірақ іс стандартты түрде «үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткізді» деген баппен қозғалған. Перизаттың айтуынша, Сымбат мәселені жалғыз шеше алмай, соңғы демі қалғанша жұртшылықтан көмек сұраған. Тіпті, әлеуметтік желідегі соңғы жазбасында да «жақынымнан қолдау таппағандықтан, көптің көмегіне жүгінуге мәжбүр болдым» дейді. Ал әлеуметтік желіде марқұмның күйеуінің атынан ашылған парақшада «өмірімізге араласып, Сымбатты суицид жасауға итермеледіңдер» деп көпті кінәлап жазба қалдырған. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар
Похожие видео
Показать еще