Әсел неге шөп жеп жатыр? HD
Атауы: «ФУГА. Дорога в никуда» Жанры: психологиялык триллер Ел: Қазақстан Шығарылған жылы: 2013 Дайындаушы: «Ансар плюс» и «I media group» кинокомпаниялары Продюсерлер: Жанбек Мадиев және Алмас Мынкожаев Режиссерлар: Еркебұлан Жолдасов және Самат Базыханов Сценарист: Еркебұлан Жолдасов Актерлар: Әсел Сәдуақасова, Рано Омарова, Дастан Оразбеков және басқалар Фильм негізі диссоциативты фуга дертіне шалдыққан Майя есімді бойжеткен жайлы баяндауға құрылган. Сюжетте кейіпкер кенеттен, жұмбақ жағдайда ну орманға тап болады. Оның үстіне - жалғыз. Мұның себебін анықтамақ болған ол өз ақыл-есімен арпалыса бастайды, себебі жадынан да айырылған екен. Ол өзінің құпия әлемін іздеп жүріп, жол-жөнекей оны одан ары тұңғиыққа жетелеген түсініксіз түрлі оқиғаларға тап болады. Сонда ғана орманда өзінің жалғыз емесін, сондай-ақ айналасындағы құбылыстардың өзі болжағандағыдан әлдеқайда өзгеше екенін түсінді. Ал, ақыл-есі қалпына келгенде, Майяның соншалықты нәзік әрі қорғансыз еместігі анықталады. Оқиғаның осы бір шарықтау шегінде Майя бір ғана нәрсені - бәрін де ұмытуды қалайды.
Похожие видео
Показать еще