ТҮК КӨРМЕГЕН СОРЛЫ - АҚШАДАН ӨЛІҢДЕР! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. Тек қана балмен шай ішетін министр Бақыт Сұлтанов қызметінен кетті. Ол Тоқаевқа неге ұнамай қалды? Оның орнына басқа адам табылмағандай неге өзімен өзі «жыны келіп» жүретін адамды министр етіп тағайындады? Қазақстанда ең көп жалақы алатын министр қайсы? Пенсия фонд, налог-палогтарды алып тастағанда қолдарына қанша тиеді? Ал айлығы аз министрлер арасында кімдер бар? Әмина қажы апа неге ашулы? Ол қай министр немесе әкімді қарғап тастады? Мұны сізге білген дұрыс! Қанттың бағасына ие бола алмай халықты қақсатқан министр Бақыт Сұлтанов қызметінен қуылды. Ол өткенде Тоқаевтан ұрыс естіп, сөгіс алған болатын. «Урааа» деп мәз боп отырғанымыз сол еді орнына Серік Жұманғарин кеп қонжиып отырыпты. Тек абайлау керек , оның «жынын келтіруге» болмайды. Міне сауда министрлігін енді осындай кісі басқарады. Көрейік не тындырарын? Ал Сұлтанов асықпай балмен шайын ішіп отыра тұрсын. Өйткені оның қант түгілі балды тонналап алуға шамасы әбден жетеді. Өйткені жалақысы 1 668 958 теңге болған екен. Жалпы Қазақстанда министрлердің жалақысы 1,7 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда барлық ведомстволар жалақы туралы ақпарат ұсынудан бас тартқан. Тек Бас прокуратаның араласуынан кейін ғана жария еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv.media басылымына сілтеме жасап жазды. Ал тыңдаңыз кімнің қанша алатынын. Қазақстанда 18 министр бар. Жалақыңыз қанша деген басылым сауалына тек 10 министрлік жауап берген. Дегенмен Сыртқы істер, Қорғаныс, Әділет, Еңбек, Білім және ғылым, Мәдениет, Ұлттық экономика, Экология және Денсаулық сақтау министрліктері тура жауап беруден бас тартқан. Тек Бас прокуратураның араласуынан кейін Экология мен Денсаулық сақтау министрліктері жауаптарын өзгерткен. Жалақысы ең төмен министрлер ішінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бар. Қызмет еткен жылдары мен ұстап қалатын алымдарды есептегенде ай сайын шамамен 1 миллион теңге алады. 2020 жылы қызметке келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің де жалақысы 1 миллион теңге шамасында. Жалақыға генерал-лейтинат шені де есепке алынады. Экология министрі Серікқали Брекешевтің жалақысы еңбек өтілі, заңдық негізде алынатын салықтарды есептегенде 1,3 миллион теңгеге тең. Брекешев 2021 жылдың 10 қыркүйегінде министр болып тағайындалды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жалақысы премьер-министрдің орынбасары міндетін атқарғанын қоса есептегенде 1,5 миллион теңге шамасында. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың жалақысы 1 564 849 теңге. Денсаулық сақтау министрлігінде орталық меморган басшыларының жалақысы еңбек өтіліне қарай 1 372 601 мен 1 668 958 теңге аралығында екенін мәлімдеді. Ажар Ғинияттың еңбек өтілі 25 жыл, сәйкесінше ол максималды 1,6 миллион теңге жалақы алады. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың 11 қаңтарында тағайындалған. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың 20 жыл еңбек өтілін есептегенде 1 668 958 теңге жалақы алады. Оның ішінде шені үшін қосымша төленетін 96 218,59 теңге бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің мемл
Похожие видео
Показать еще