Көретін кино бітті! Елімізде сәуірден бастап Kinopark-Kinoplexx желілері жұмысын тоқтатады HD

09.03.2022
Бірінші сәуірден бастап еліміздегі кинотеатрлардың 33 пайызын қамтитын Kinopark-Kinoplexx желілері жұмысын тоқтатады. Бұған Ресеймен шартқа отырған Голливудтық ірі компаниялардың кино ұсынудан бас тартуы себеп. Пандемия кезінде 10 миллиард теңге қарызға батқан компаниялар бұл жолы шығынды өтей алмаймыз деп отыр. Ал киноны қолдау мемлекеттік орталығының жетекшілері керісінше мұндай кедергі киноИндустрияның жаңаша даму бағына жол ашатын мүмкіндік деп санайды. Жиырмасыншы ғасыр Фокс, Сони, Дисней фильмдерінсіз Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлары мүлдем пайда таба алмайды деген желі директоры амалдың жоқтығынан жабыламыз деп отыр. Бұл кино желісінде жұмыс істейтін 800 адам бірінші сәуірден бастап ақысыз демалысқа, белгісіз мерзімге жіберіледі деген сөз. Прокатқа шығып жүрген туындылардың тек 5 пайызы отандық фильм болғандықтан, Голливудтық туындыларды түгел жылдық пакетімен сатып алмайынша көрерменге келіңіз деп уәде ете алмаймыз дейді. АЛМАЗ МАЛДЫБАЕВ, кинотеатрлар желісінің жетекшісі: – Қазір орысшаға аударылған кинолар беріледі. 1-2 айдың ішінде ол кинолардың бәрін көрсетеміз. Бірақ негізгі сұрақ ал қалған кинолар жаз уақытында, күз уақытында, жыл аяғында пландалған кинолар бойынша не болады, оларды аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр ма, жатқан жоқ па? Ол сұрақтарға компания жауап беріп жатқан жоқ. Пакет түгел болмаса кинотеатрларға жұмыс істеу тиімсіз. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов, Голливуд тікелей Қазақстанға санкция салмағанын алға тартты. Сондықтан, байланыс орнатудың амалын қарастыру керек деп отыр. Дубляжды да отандық компаниялар атқара алады, көрерменге ұсынатын қазақша жаңа туындылар да әзірге жетерлік дейді. БАУЫРЖАН ШҮКЕНОВ, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары: – Отандық компаниялар Голливуд фильмдерінің тең жартысын өздері-ақ дубляждап жүр. Тіпті, оған үлгермесе түпнұсқасын көрсетіп, субтитрмен де ұсынуға болады. Қытайда да талай жылдан бері осылай жасап жүр ғой. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі жағдайда жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады деп ойлаймын. Мемлекеттің қолдауымен түсірілген 20 шақты фильм бар. Оның бәрі биыл прокатқа шығуы керек. Өзіміздің қазақша киноларымызды насихаттайтын кез келді. Ал Кинотеатрлар желісінің директоры бұл 20 фильмді көрсетуге әзірміз, бірақ айына 3 миллиард теңгеге дейін шығынға бататын желінің жыртығын жамамайды деп отыр. Өйткені бұл фильмдер коммерциялық емес, социалды фестивальді туындылар екенін айтады. Енді ертең Мәдениет министрімен кездесіміз деп отырған Алмаз Малдыбаев, киноинструстрияның алдағы уақыттағы жай-күйі талқыланады дейді. Айта кетейік, жылына 500-ге жуық туынды түсіріп үлгеретін Корей мен Қытай және Үндістанның фильмдерін әкелу пысықталмақ екен. Ал Ресей тарапы Голливудтың фильмдерін өзіміз көрсетпесек те, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға сұрап беруге тырысып отырмыз дейді. Бірақ бұған Ресейде "Батмэнді" прокатқа беру процесін премьерадан бір күн бұрын тоқтатқан Голливуд ком

Похожие видео

Показать еще