Дамыған Қазақстанның егіншілері еккен егіндерін неге қолмен жинайды HD
Шығысқазақстандық егіншілер еккен өнімдерін қолмен жинап жүр. Нәпақасын жерден тапқан шаруалардың айтуынша, өңірдегі ауылшаруашылық техникалары әбден тозған. Ауыл азаматтары, бұл жағдайды облыс басшылығы білсе де субсидиямен көмектесуге әрекет жасамай отыр деп ашынады. Бұл жазбаны Зайсан ауданының шаруалары егістік басында түсірген. Ала жаздай баптап өсірген өнімдерін қолмен жинап жүрген жандар көмекке балаларды да шақыруға мәжбүрміз дейді. Шаруа иелерінің егін жинайтын техникалары жоқ. Ал барлары өте ескі. Егіншілер әсіресе осы мәселені, тіпті облыстағы жағдайды реттеуге қатысты өтініштерін өңір басшысы Даниал Ахметовке дейін айтқан көрінеді. ӘЛІБЕК МҰҚАШЕВ, кәсіпкер: – Мен облыстың басшысына тікелей барып, бәрін көрсеткенмін. Сіздердің жандарыңыздан жұмыс комиссиясын құрайық деп. Әр ауданға сараптама жасайық. Қай ауданда не істеуге болады? Қалай бұл ауылшаруашылығын дамытамыз деп? Осына қаперіне де ілген жоқ. Ал ауылшаруашылық басқармасындағы мамандар жағдайды басқаша сипаттап отыр. Сөздеріне сенсек, осы салаға арналған түрлі бағдарламаның игілігін көрген ел көп. Соның ішінде өтініш иесі Әлібек Мұқашев та жаңа техника алды деп қысқа қайырды. ЕРБОЛ ҚУАНЫШЕВ, Облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: – Қараша айының басында берген өтініміне желтоқсан айында субсидия төлеп тастадық. Қазір "КазАгроФинанс" компаниясымен келісіп отыр. Сәуір айында техниканы алады. Сол кезде егістік жұмыстарын бастайды. Жасыратыны жоқ шығыстағы қарапайым шаруалардың ауылшаруашылық техникалары ескі. Көліктің бұл түрі Зайсан ауданы ғана емес, Тарбағатай мен Күршім секілді көптеген аудандардағы азаматтардың бас ауруына айналғалы қашан?! Осы уақытқа дейін айтқаны елеп-ескерілмеген егіншілер енді қандай әрекет жасайтындарын білмейді. Жанболат Санияз, Сергей Шуйский Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #егіншілер_наразылығы #субсидия