«Хабар» арнасында «Тергеушілер» телехикаясы басталады HD

04.12.2017
«Хабар» арнасында тағы бір отандық сериалдың премьерасы болады. «Тергеушілер» деп аталатын фильм 16 бөлімнен тұрады. Елімізде бұрын-соңды түсірілмеген қазақ тіліндегі тұңғыш детектив жанрлы сериал неміс франшизасы негізінде жасалған. Қазақстан кинематографы тарихындағы алғашқы шытырман оқиғалар телехикаясы қарапайым азаматтарды қорғау үшін басын бәйгеге тігетін полицияның жұмысы жайлы баяндайды. Фильм қазақ тілінде түсірілген. «Хабар» телеарнасының тапсырысымен қолға алынған сериал Алматыда түсірілді. Жобаға халықаралық команда жұмылдырылды. Фильмнің режиссері – украиналық Ахтем Сеитаблаев. Әр серияда қылмысты әшкерелеп, кінәлілерді әділетті түрде жазалау жолындағы қым-қуыт оқиғалар көрсетіледі. Антон Митнев, телехикаяның қоюшы режиссері: -Менің ойымша, отандық киноиндустрияның деңгейі көтеріліп келеді. Сан сапаға ауысты. Міне, еліміздегі детектив жанрындағы алғашты сериал түсірілді. Ол көрерменге ұнайды деген ойдамыз. Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері: -30-дан аса оқиға ұсынылған болатын. Неге 16-сы? Өйткені ол Қазақстандағы өмірге, халқының өмір салтына, тұрмысына, біздегі менталитетке, біздегі қылмыс түрлеріне сай келетін дәл осы бөлімдер ғана таңдалып алынды. Фильмде басты кейіпкер бесеу. Олардың әрқайсысы ерекше қабілетті, өз ісіне адал, табанды тергеуші. Кәмшат Мырзабекқызының ролін Гүлшарат Жұбаева ойнайды. Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері: -Қазақстандық көрерменге жақын, таныс Гүлшара Жұбаева, Азамат Шарғын, Ербол Садырбаев, Гүлбахрам Байбосынова сияқты актерлар, актрисалар тартылған, бәрі кәсіби театрларда ойнаған. Сөйтіп, детектив жанрындағы алғашқы отандық туынды 5 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30 да «Хабар» телеарнасынан көрсетіле бастайды. Авторлары: Индира Жылқайдарова, Аманжол Байғазин

Похожие видео

Показать еще