Ойылым менің-ойдағы елім

13.07.2018
Ойыл ауданының күндеріне ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қажы Қорғанұлы арнайы келген. Ардагер журналист ауыл шаруашылығының алыптары -Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаевтар жайлы мақалалары, теле бағдарламаларымен аға буынға жақсы таныс. Қажы Қорғанұлы әйгілі тары өсіруші Шығанақ Берсиев туралы да кітап жазған. Тары өсіруде рекордты жаңартып, атағы әлемге жайылған Шығанақ Берсиевтің туғанына биыл 137 жыл толды. Соғыстың отты жылдарында орынды істің қолбасшысы бола білген Шығанақ Берсиев ұлы іс атқарды. Ескерткіш басында Шығанақ Берсиев жайлы мағлұматтар айтылды. Жиылғандар шағын концерт тамашалады. Атақты тарышының мүсіні өзі аттас көшеге қойылған. Ойыл ауданының күндері ертең Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта жалғасады. Онда мерекелік концерт беріледі. Ал "Табыс" коммуналдық базарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Одан бөлек танымдық кештер, қайырымдылық акциялары жоспарланған. "Шығанақ бағындырған шың" атты Ақтөбедегі Ойыл ауданының күндеріне әзірленген бағдарлама биыл Астананың 20 жылдығына орайластырылып отыр. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv

Похожие видео

Показать еще