Ресейлік кәсіпкерлер ЕАЭО аясында елімізбен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

07.08.2018
Еуразиялық одақ кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Шаруасын дөңгелетуге бел шешкен азамат тек бір елмен шектеліп қоймай, көршілес мемлекеттің нарығында да емін-еркін бизнес жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл жайдың нәтижелі тұсын байқаған «Вишневский» шаруа қожалығы. Еліміздің батыс өңірімен көршілес орналасқан орынборлық мекеме Қазақстан нарығына алғашқы қадам жасаған. Вишневский шаруа қожалығы бір мезетте 120 мың бас жануар өсіруге қауқарлы. Нарықта сұранысқа ие шошқаның йоркшир, ландрас және дюрок тұқымдары. Салмағы 100 келіден асатын етті доңыздар Франциядан алынған. Жануарлар жыл бойы ғимарат ішінде болғандықтан ауа-райының ерекшелігі олардың өсуіне ешқандай әсер етпейді.

Похожие видео

Показать еще