Түркістанға көшпей қалған шенеуніктер Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді HD

22.08.2018
Премьер-министр түрлі сылтау айтып сытылып кеткісі келгендерге ескерту жасап, бір айдың ішінде жаңа облыс орталығына қоныс аударуды бұйырды. Үкімет басшысы су жаңа орталықты дамытуға қаржы сұраған министрлік өкілдерінде сұрақтың астына алды. Жұмыс сапарымен Түркістанға табан тіреген Үкімет басшысы бірінші кезекте, Шымкенттен қоныс аударған шенділердің жағдайымен танысты. Одан кейін рухани астанадан бой көтеретін жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың сызбасын көрді. Келешекте жасалатын жұмыстардың жоспарын тыңдады.

Похожие видео

Показать еще