Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына есеп берді HD
Ел экономикасының еңсесін тіктеуге қосымша 481 млрд теңге бөлініп, Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген түйткілдердің түйіні тарқады. Бүгін еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасына басымдық берілген мемлекеттік бағдарламалардың биылғы 9 айдағы орындалу барысын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтің әлеуетін арттыру жолында «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызы зор екенін қаперге салып, Үкімет басшысына нақты міндеттер жүктеді. Үкімет басшысы: «Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы уақытында игеріліп, алға қойылған міндеттердің барлығы жыл соңына дейін орындалады», – деді. Уәде етілген пәтерлер де Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесінде түгелдей тапсырылатынын айтты.