Б. Сағынтаев Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді HD

21.02.2019
Елбасының мәлімдемесінен кейін бірден Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыруда аянбай еңбек еткені үшін Үкімет мүшелеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Айта кету керек, Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті 2,5 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ел үшін маңызды реформалар жүзеге асты. Енді ұлттық экономиканы дамыту міндеті жаңа Үкіметке жүктелмек. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/298003-b-sa-yntaev-kimet-m-shelerine-at-aryl-an-zh-mys-shin-al-ys-bildirdi

Похожие видео

Показать еще