АРЫСТА АЛҒАШ РЕТ «QULAGER» АТТАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ. HD
АРЫСТА АЛҒАШ РЕТ «QULAGER» АТТАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ Бүгін «Qulager» аттар клубы ашылды. Атшабар алаңының лентасын қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев қиды. Тәуелсіздікке тамаша тарту болған ат клубы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілген жоба. Біздің ел ертеден-ақ жылқы баққан, Қолға алғаш үйретіп, ноқта таққан. Жүйріктерін ішінде таңдап мініп, Сын сағатта ерлері жауға шапқан. Биені еппен сауып, күбі піскен, Қымыз ішіп дерт көрмей, батыр өскен. Саумал ішкен сырқаттың көзі ашылып, Бала-шаға қуанып ойнап кеткен. Бейбіт күнде ел-жұрттың дәулеті екен, Жауға шапса айбыны, қайраты екен. Ұзақ жорық, сын күнде азаматтың, Адал серік, талмайтын қанаты екен. Тайыржан Оразхан