Тухель кетті! Келесі Клопп па? / Челсиді Поттер баптайды. Зидан ше? / Чемпиондар Лигасы 1-тур #27 HD
SOQQY - промокоды арқылы бонусқа ие болыңыз. Әлімжан Асқар, Бексұлтан Кеулімқосов және Мади Ерланұлы SOQQY Telegram: https://t.me/soqqyjanegoal Бізді іздесеңіздер: https://instagram.com/alimjanasqar https://vk.com/beksultan000 https://www.youtube.com/c/TARAZFIFA Соққы және гол! #27 «Наполи» 4:1 «Ливерпуль» Хвича Кварцхелия Юрген Клопптың ұжымын талқандап тастады «Динамо Загреб» 1:0 «Челси» «Челси» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-туры аясында Загребтің «Динамосынан» жеңіліп қалды (0:1). «Челсидің» бас бапкері Томас Тухель қызметінен босатылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. «Челси футбол клубы Томас пен оның көмекшілеріне жасаған жұмысы үшін ресми түрде алғыс білдіреді. Томас Чемпиондар лигасын, Суперкубокті және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін «Челсидің» тарихына енді. Клубтың жаңа қожайындары қазір дәл осындай шешім қабылдайтын уақыт келді деп есептейді. «Челсидің» жаттықтырушылар штабы команданы алдағы матчтарға дайындауда, клуб жақында жаңа бас бапкерді тағайындайды. Жаңа бас бапкер келмейінше, ешқандай түсініктеме бермейміз», - делінген клубтың мәлімдемесінде. 49 жастағы Тухель лондондық команданы 2021 жылдың қаңтарында тізгіндеп, олармен бірге Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Тухельдің орнына үміткерлер тізімінде ПСЖ мен «Тоттенхэм Хотспурдың» бұрынғы жаттықтырушысы Маурисио Почеттино, «Реал Мадридтің» бұрынғы менеджері Зинедин Зидан, «Брайтон энд Хоув Альбионның» тәлімгері Грэм Поттер және «Бенфиканың» бас бапкері Роджер Шмидт бар. Бірақ 47 жастағы Поттер қазіргі уақытта ағылшын клубының басшылығы үшін ең қолайлы нұсқа ретінде қарастырылуда. «Челсидің» қожайыны Тодд Бёли бүгін «Брайтон» бапкерімен кездеседі деп күтілуде. Лондондық клуб бұл бапкердің келісім-шартын сатып алу үшін 10 миллион еуро төлеуге дайын. «Севилья» 0:4 «Манчестер Сити» «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд үш түрлі клубтың құрамында Чемпиондар лигасының дебюттік ойындарында гол соққан төртінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішті Фернандо Морьентес, Хавьер Савиола және Златан Ибрагимовичке тіркеген болатын. Сондай-ақ норвегиялық шабуылшы Премьер-лигадағы және УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында көзге түскен «Манчестер Ситидің» алғашқы ойыншысы атанды. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-туры аясындағы ойында «Севилья» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Севильядағы (Испания) «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд бұл ойында екі гол соқты. «РБ Лейпциг» 1:4 «Шахтар» «РБ Лейпцигтің» бас бапкері Доменико Тедеско жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо. Романоның айтуынша, клуб басшылығы Тедесконың орнын басатын адамды да тауып қойған. Былтыр дортмундтық «Боруссияны» жаттықтырған Марко Розе команданың жаңа бапкері болуы мүмкін. «Лейпциг» өткен маусымды Джесси Марштың жетекшілігімен сәтсіз бастаған еді, бірақ ол ке