Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

09.09.2016
Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Ал үкімет басшысының бірінші орынбасары болып "Қазақстан Темір жолын" 8 жыл басқарған Асқар Мәмин жайғасты. Кешке дейін премьер-министр кім болатынын құпия ұстаған билік, министрлер кабинетін бүгінгі үкімет отырысында бекітеді деп күтілген. Бірақ, жиында Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер емес, елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын айтты. Енді пәтері жоқ, 10 жүздік жерге де қолы жетпей жүргендерге жаңа "Нұрлы жер" бағдарламасы жұмыс істемек. Ал, жақын жылдары президент 7 млрд доллар қарыз алатынымызды да айтып қалды.

Похожие видео

Показать еще