Түркістан қаласында әккі қылмыскер құрықталды HD
Бұған дейін бірнеше рет сотты болған 1983 жылғы азамат қолға түсті. Күдіктіге жалпы құны 9 млн теңгені құрайтын 10-шақта ұрлыққа қатысы бар деген айып тағылуда. Ол тұрғындардың үйлерінен ақша, алтын бұйымдар мен өзге де бағалы заттарды қолды етіп отырған. Кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түседі. Онда азаматша үйіне бейтаныс біреудің ұрлық жасауға оқталғандығы жайында айтылған. Алайда жәбірленушінің анасы келіп қалып, күдікті тез арада ізін суытқан. Жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті бір сағаттың ішінде қолға түскен. Сотта азаматтың қылмысы дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған орай, Түркістан қаласының полиция қызметкерлері тұрғындарды абай болуға шақырады. Яғни үйдің терезелеріне темір қоршау орнатып, сапалы есіктер мен дабыл қаққыштарды қамтуға кеңес береді. Сондай-ақ, бағалы заттар мен алтын бұйымдарды қол жетімсіз орында сақтауды ұсынады.
Похожие видео
Показать еще