КӨРГЕН СІЗДЕР - 3 бөлім (3 серия). Комедийный сериал на 31 Канале. HD
Сәттібек әдеттегідей бар дүниесін өзі тапқандай сөйлейді. Тіпті бай болып қана қоймай, ханның ұрпағы болып шыққанда не болар екенін елестетіп отырғанда, бір таныс тарихшыдан ата-бабаларының шынымен де шайқаста ел намысын қорғаған батыр болғандарын біледі. Бұндай жаңалық Сәттібектің мақтангершілігін одан сайын үдете түседі. Біраз қонақ шақырып шежіресін жұртқа таныстырады. Бірақ ертесіне-ақ Бақтыбек басқа кітаптан оқиғаның дұрыс нұсқасын тауып, анау тарихшының қателескенін Сәттібекке жеткізеді. Мұндай жағымсыз хабардан соң Сәттібек біраз абыржып қалады. Сайрагүл Жұлдыз не істесе де жақтырмайды. Мұз қосылған шырын іше беріп тамағы ауырып қалады да, таңертең Жұлдызды кінәлайды. Бақтыбек те байлық пен дәулеттің әсерінен кішкене өзгеріп, сабақты тастап биші боламын дегенді шығарады. Бақтыбек таңға дейін қайда жүргенін ешкімге айтпайды. Емтиханға бармаймын деп, оны іздеп келген Адияны да сабақ емес ойын-сауық қызығырақ деп айналдыра бастайды. Адия бұл қылығына ренжіп кетіп қалады. Жұлдыз қатты ашуланып баласына өмірінде бірінші рет қол көтереді. Сәттібек өзінің әкесі оны бала кезінде үнемі соққының астына жығып, бір әкелік мейірімін көрсетпегендігін айтады. Бақтыбек анасының сөздері дұрыс екенін түсініп кешірім сұрайды. _ Саттибек ведет себя так, как будто все заработал сам. И думает о том, какого это было бы быть потомком хана, в добавок случайно узнает у историков что его предки защищали честь в битве за страну. После этой новости Саттибек еще больше задирает нос. Пригласив к себе домой гостей , всем об этом начинает хвастаться. Но на следующий день Бактыбек нашел правильную версию книги и рассказывает эту новость Саттыбеку. После такой новости Сатыбек немного расстраивается. Сайрагуль не доволна всем что делает Жулдыз. Весь вечер Калдыгуль пила прохлодительные напитки , после чего на утро заболев обвиняет в этом Жулдыз. У Бактыбека тоже от богатства, изменились отношения к учебе, даже захотел стать танцором. Бактыбек никому не говорит, где он находится до утра. Адия узнав о том что, Бактыбек отказывается идти на экзамен пришла уговаривать его. В ответ Бактыбек призывает Адию променять учебу на развлечение.Адия сильно обидившись уходит. Жулдыз первый раз в жизни поднимает руку на сына. Саттыбек рассказывает, как он получал от своего отца и как отец не проявлял ему никакой милости. Бактыбек понимает что мама была права и хочет извиниться. Официальный сайт проекта: http://korgen.31.kz/ Еще больше сериалов смотрите на сайте http://31.kz/
Похожие видео
Показать еще