«Салонда жаңа көлік жоқ». Темір тұлпардың құны тағы қымбаттауы мүмкін HD
Жыл басынан бері онсыз да шамамен 10 пайызға қымбаттаған көліктердің бағасы тағы да өседі. Индустрия министрлігінің ақпарына сай, салондағы жаңа темір тұлпар құнының шарықтауына кішкентай ғана чиптің жетіспеушілігі басты себеп екен. Жаңа көлікке тапсырыс берсеңіз кемі үш ай күтуіңізге тура келеді. Толығырақ Өмір Серікбекұлы. 26 жастағы Азизбек Еркебаев Шымкент қаласындағы автосалондардың біріне тамыз айында жаңа көлік алуға барған. Жаңа машинаның жоғын айтқан қызметкерлер екі ай күту керектігін айтқан екен. Тапсырысы келген болар деп өткен апта тағы барыпты. Енді жаңа жылдан кейін бірақ келесіз деген жауап естідім дейді. Айтуынша, өзі секілді жаңа көлікке тапсырыс бергендер өте көп. Автосалондар алдын ала ақша да қабылдамайды екен. Осыған байланысты, тұтынушылар темір тұлпардың құны қымбаттап кете ме деп алаңдаймыз дейді. АЗИЗБЕК ЕРКЕБАЕВ, Шымкент қаласының тұрғыны: – Маған салондағылар келесі жылы баға жайлы ештеңке айтпады. Мен соған байланысты соңғы министрдің сөзіне байланысты уже 2022-ші жылы баға қайтадан күрт өсіп кетеді ме деп ойлап отырмын. 2-3 досым бар который уже автомобильге ұсыныс беріп тастаған. Но уже күтіп жатқандар. Олар да 2 айдың, 1 жарым айдың көлемі болып қалды. Индустрия министрлігінің ақпарына сай, жаңа көліктердің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Ең алдымен микрочиптерге сұраныс күрт артқан. Осыған байланысты, чип өндіретін компаниялар оны шығарып үлгермей жатыр. Ал, онсыз көліктегі парктроник, рульдің гидрокүшейткіші, тежегіш жүйесі мен басқа да функциялардың жұмысы өз қызметін атқара алмайды. Министрлік берген ақпар бойынша, көлікті құрастыруға қажетті мыстың бағасы - 48 пайызға, алюминий - 61, қорғасын - 37 пайызға өскен. Ол да жаңа машинаның бағасына әсер ететіні сөзсіз. Айта кетейін, Қазақстанға көліктер Жапония, АҚШ, Корея, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресейден импортталады. Биыл тоғыз айдың ішінде нарыққа сырттан әкелінген автомобильдердің үлесі 37 пайыз болса, 63 пайызы елімізде құрастырылған темір тұлпар екен. Өмір Серікбекұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #нарық #автокөлік #салон #баға #Колеса
Похожие видео
Показать еще