Сенек ауылының бүгінгі күнгі жағдайы. HD

29.08.2016
Қарақия ауданының әкімі Ә. Дауылбаевтың назарына Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Сенек ауылы тұрғындарының аманаты Құрметті Қарақия ауданының әкімі Әділбек Дауылбаев мырза! Біз бастап көтерген Тұщықұдық ауылының су мәселесін облыс әкімі Алик Айдарбаев тікелей бақылауға алып, нәтижесінде сең қозғалып, ауылдағы сумен қамтамасыз етіп отырған резервуарды тазарту жұмыстары жүргізілгенінен көзі қарақты қауым құлақтанып отыр. Енді осы жағдайдан кейін бізге Сенек ауылының тұрғындары хабарласып, ауыл азаматтарының арнайы шақыртуымен барып, ауылдағы ондаған жылдардан бері шешімін таппай қордаланып қалған мәселелермен танысып, Сенек тұрғындарының аманатын, Сізге бағыштаған арзу-арманын, мұң мұқтажын арқалап қайттық. Енді соған көшейік. 2013 жылы облысқа Алик Айдарбаев мырза әкім болып тағайындалғаннан кейін Сенек ауылына келген сапарында осы мәселелерді шешуге уәде берген екен, алайда белгісіз себептермен ол мәселелер әлі шешілмей келеді. Нақты айтар болсақ, Сенек ауылында басы сонау 2002 жылдан бері қанша әкім ауысса да шешілмей келе жатқан мәселелер: - Қызылсай-Сенек автожолының жағдайы 7-8 жылдан бері жөндеу көрмеген, өте нашар жағдайда; - су қоры аса мол Түйесу су массивінің үстінде отырса да ауыл дұрыс ауыз суға жарымай отыр; - 2002 жылдан бері жаңадан берілген жер учаскелеріне электр желісі тартылмаған, тұрғындар тоқты өз күшімен ағаш бағаналар арқылы кабель сымдармен тартқан, олар қазір айналаға қауіп төндіріп тұр; - ауыл жанындағы тері цехынан шыққан қалдық суының исіне адам шыдауы мүмкін емес, сол иіс жел оңтүстік жақтан тұрса ауылға жайылады; - тұрғындардың 70 пайызы «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қарасты мекемелерде жұмыс жасағандықтан, таңертең жұмысқа барып, кешке қайтуы үлкен мәселе көрінеді. Осыны шешу үшін сол мекемелерде автобус айдайтын ауыл тұрғындарын Сенек-Қызылсай бағытына таңертең-кешке бір рет (маршрут қатынасына бөлек) уақытылы қатынас жасаса деген өтініштері бар; - 2014 жылы салынған футбол алаңы жұлым-жұлымы шығып, пайдаға аспай қалған; - Республикалық жарыстардан жүлде алып жүрген спортшылар ауыл азаматтарының өз қаражаттарына алған темір-терсегімен (спорт инвентарлары) атам заманғы совхоздың жем сақтау қоймасында жаттығып жүр екен. Жем қоймасының жағдайы адам шошырлық! 21 ғасырда мынадай сиқы мал қорадан сәл ілгері жем қоймасында жаттығу деген өте ұят! - ауыл спортына жанашыр болады-ау дейтін ауыл әкімінің өзі мектепке «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен алып пайдалануға берілген су жаңа «Газель» автокөлігін баласына беріп, жеке бас мүддесіне пайдаланады екен. Мектеп оқушылары амалсыз білім, өнер мен спорт сайыстарына өз қаржыларына такси жалдап барады дейді. Күні кеше Өзіңіз жақсы білесіз, облысымызда осындай арнайы көлік жоқтығынан спортшы балалар таксимен апатқа ұрынып, өте өкінішті жағдай болды. Ал, сондай жағдай осы Сенек ауылының оқушыларының басында тағы қайталанбасына кім кепіл? Сонда қайтеміз? Ауыл әкімін кінәлап отыра береміз бе? «Сонда осы уақытқа дейін бюджеттен, ауыл іргесіндегі жерасты байлығын игеруші мек

Похожие видео

Показать еще