Н.Назарбаев: Наурыз мерекесі бізге тәуелсіздікпен бірге оралды

21.03.2018
Ұлыстың ұлы күнінде Астанада мың литр наурыз көже дайындалды. Экспо қалашығының аумағында этноауылға келушілер ұлттық астан дәм татып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Дәстүрімізді дәріптейтін ойын түрлері бойынша сынға түсіп, құнды жәдігерлер қойылған мұражайды аралады. Дүйім жұртты Елбасы құттықтап, барша қазақстандықтарға ақ жарма тілегін арнады. Сарыарқа төсінде ақ ұлпа қарды бәйшешек жарып шықпаса да, дүйім жұрттың жүзінен көктемнің шуағы есіп тұр. Ұлыстың ұлы күнін жылда елмен бірге тойлайтын Елбасы биыл да халықтың бел ортасынан табылды. Оюлы шапан киіп, шашуды ырымдап теріп алды. Президент қазақы салт-дәстүрді жетік білетінін аңғартып, көпшілікке үлгі көрсетті.Тау қопармаса да мойнымен тас көтерген бүгінгі күннің батырын қолпаштап, елге ақ жарма тілегін жеткізді. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще