Қосанов Студенттерді Сатып Кетті - Алаңға Шыққан Қыздардың Шашынан Сүйреді! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. Желтоқсан айы келген сайын үкіметті бір үрей билейді. Бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында сутдентттерді тез-тез сессияларын жауып, ауылдырына қайтарыңдар деген тапсырма берілетін. Енді қазір пандемия деген жақсы сылтау болды. Бәрін соған жаба салады. Шындығында Желтоқсан оқиғасының айтылмаған ақиқаты өте көп. Әміржан Қосанов көтеріліс кезінде студенттерді қалай сатып кетті? Оқиға кезінде атақты партизан-жазушы Қасым Қайсенов неге жылады? 16 жасында қыршынынан қиылған қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанованың 35 жылдан соң әрең ақталғанын естідіңіз бе? Жастарды жазалауға қарсы тұрғаны үшін Қазақстаннан Ауғанстанға қуып жіберген генерал-майор Мұрат Қалматаев туралы не білесіз? Мұны сізге білген дұрыс. РОЛИК ЗКТ: Желтоқсан құрбаны, небәрі 16 жасында өлім құшқан Сәбира Мұхамеджанова 35 жылдан кейін ақталды. Мұндай жағымды жаңалықты Шығыс Қазақстан облыстық JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов сүйіншілеп жеткізді. Ал сіз «Сәбира Мұхамеджанова әлі күнге дейін ақталмаған ба?» деп таңданып отырған боларсыз. Сәбира Мұхамеджанова ғана емес, онымен бір топта оқыған 28 қызбен бір курста білім алған 8 жігіт те ақталыпты. «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Сайфолда былай дейді. «Сәбирамен бірге оқыған 29 қыз ақталды, енді Сәбираның өзін де ақтаймыз» деп қуанып отырғанымызда Алматы прокуратурасы көңілімізді су сепкендей басты. «Сәбираны ақтай алмаймыз, өйткені туған-туыстары жоқ. Егер 28 қызға хат жаздырып, «қарсы емеспіз» деген қол қойдырып әкелсеңіздер, бұл мәселе шешілуі мүмкін. Бас прокуратура бізге осылай деп отыр» деді. Содан жанұшырып, Шығысқа барып, 28 қыздың қолын қойдырып, Алматы қалалық прокуратурасына табыс еттік». ЗКТ: Иә, Желтоқсанның ызғарлы желі ешкімді аямады. Қылышынан қан тамған билікке қарсы тұрып алаңға шыққан жастар жендеттерден аяусыз тепкі көргені аздай, оларды ел арасынан шыққан сатқындар сорлатып кеткен. «Солардың бірі Әміржан Қосанов еді»,- дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі телеарнаға берген сұхбатында. Өз аузынан естіңіз. СНХ: ЗКТ: Ал қазақтың батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсенов алаңда қан-жоса боп жатқан жастарды өз көзімен көріп, өкіріп жылапты. Бұл туралы Қадыр Мырза Әлидің "Иірім" атты кітабында жазылған. «...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз телефон соғып: – Сенiмен жолыққым келедi, – дедi. Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды. Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын! –Қасеке! Қасеке!–дей бердiм.–Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?–дедiм не iстерiмдi бiлмей. –Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады! –Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай бер
Похожие видео
Показать еще