Сәт-сапар, жас түлек! 2018 жыл - 2018 түлек
Биылғы жылы да дәстүрлі түрде мектеп бітірушілер кеші Абай алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шара мектеп түлектерінің шеруімен басталды. 2018 жылы ұйымдастырылған шараға 2018 түлек қатысып отыр. Мерекелік кешті мектеп түлектерінен өзге, ата-аналар, көп жыл бойы ұстаздық қызмет жасаған ардагер педагогтар да тамашалады. Түлектердің шеруінен соң, сахна төрінде мерекелік кештің кейіпкерлерін құттықтау басталды. Мерекелік кеш барысында түрлі білім сайыстарында ел намысын қорғап, байқауларда топ жарып жүрген жастар марапатталды. Кейін, тәуелсіздіктің тұтқасын ұстайтын жастар сөз алып, мерекелік кеш барысындағы әсерлерімен бөлісті. Өнерлі бүлдіршіндердің әсем биі мен әуезді музыкасы мерекелік кешті нұрландыра түскендей болды. Қаламыздың кішкентай мың бұралған бишілері өнерімен көпшілікті тәнті қылды. Бұл күн ата-аналар үшін ең маңызды саналады. Әрбір ата-ана бауыр еті баласы үлкен өмірге қадам басқан тұста, арманынан жаңылмай, мақсатына жетіп, адамгершілігі мол азамат болуын тілейді.Толығырақ: http://tdk42.kz/kk/news/sat-sapar-zhas-tulek?share_author=47
Похожие видео

30.06.2021
02:05
ҰБТ-дан өте аз ұпай жинаған түлектердің тегін оқуға түсуге мүмкіндігі бар
youtube

04.10.2021
02:40
Спортшылардың жаппай дінге бет бұруы қандай келеңсіздіктерге әкеп соғуда?
youtube
Показать еще