"Абайдың ұлы мұрасы" атты кітап көрмесі
Аудандық орталық кітапханасы Абай күні қарсаңына қазақтың бас ақыны, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ғұлама, ойшыл, аудармашы, композитор Абай Құнанбаевқа арналған «Абайдың ұлы мұрасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде ақынның шығармалары, аудармалары, қара сөздері, Абай әндері жинағы мен ақынның шығармашылығына арналған зерттеулерден тұратын әдебиеттер топтастырылған. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймаған - рухани қазына. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандай биікке көтерілсе де, Абай есімі мен Абай сөзі, шығармашылығы әрдайым халықтың жүрегінде, көкірегіндегі иманы, санасындағы ожданы болып қалады. Абай ақындығының және оның шығармашылығы тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағлымыда - осында.